суббота, 5 июля 2014 г.

Нектарин қосылған галета


Нектарин қосылған галета
Өте тез дайындалатын тәтті пісірме. Ең басты тәттілікті жемістер (жидектер) береді, өйткені қамырында және салмасында бар болғаны 2 ас қасық қант бар.
Жеміс иісі аңқыған дәмді галета, дастарханға бір отырғаннан қалмайды. Менің отбасыммен дәлелденген))
Галетта немесе галета - тәтті бәліштің (пирог) бір түрі. Көлемі шағын (көбіне диаметрі 15-18 см-ден аспайды) және беткі жағы ашық болады.
Мен ұсынған рецепт бойынша 4-5 порция ғана шығады. Көбірек қонақ күтсеңіз, рецепт құрамындағы тағамдарды 2 есе көбейтіп алуыңызға болады. Бірақ бір үлкен галета емес, диаметрі шағын екеу пісіру керек.

Нектарин қосылған галетаның құрамы:

Қамырына:
  • Сары май - 70-80 гр.,
  • Ұн - 1 стақан,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Тұз - 1 шымшым,
  • Жұмыртқаның сарысы - 1 дана (бетіне жағуға),
  • Суық су - 1-2 ас қасық.

Салмасына:
  • Нектарин - 7-8 дана,
  • Қант - 1 ас қасық,
  • Крахмал - 1 шай қасық.

Жасалу жолы:

Ұн, қант және тұзды араластырамыз.
Қатып тұрған майды пышақпен тураймыз.
Май мен ұнды біріктіріп, ұсақ майда болғанша пышақпен тураймыз.
Біркелкі ылғалды ұнтақ болған кезде, суық су құямыз. Ол тек ұнтақты біріктіру үшін құйылады. Бірақ қамырды қатты илемейміз.
Қамырды тоңазытқышқа қоямыз.
Нектаринді тураймыз, қант, крахмалды қосып араластырамыз. Крахмал нектариннен бөлінген сөлді құюлату үшін керек, крахмал салмасаңыз жемістерден бөлінген сөл қамырды тесіп жібереді.
Қамырды 2-3 мм. қалыңдықта жаямыз. Шеттеріне 3 см. жеткізбей, ортасына салмасын саламыз.
Шеттерін ортасына қарай біріктіріп, жабамыз.
Қамырына жұмыртқаның сарысын жағамыз және аздап қант себеміз.
180°С-та қызық тұрған пешке 25-30 минутқа қоямыз.

Нектарин қосылған галета
Нектарин қосылған галета

Нектарин қосылған галета

Астарыңыз дәмді болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий