среда, 23 июля 2014 г.

Ұлттық тағам - Қуыс құлақ


"Қуыс құлақ" деген қазақтың ұлттық тағамы бар екенін жақында ғана білдім. Бірінші рет естігенде, қойдың құлағынан жасалатын тағам ба деп ойладым. Бірақ, ойлағанымдай болып шықпады және атауы қайдан шыққаны да маған беймәлім.  


Қазақтың осындай ұлттық тағамы туралы Қазақстан ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасында Наурызға қарсы шаққын санында көрсетіліпті, ал мен оны 1-2 апта бұрын ғана көрдім. Қазақтың ұмытылып бара жатқан қандай ұлттық тағамдары бар екен деп, ғаламторды ақтарып отырып тауып алдым)   


Бейне роликте көрсетілгендей, апамыз сүр еттен, табиғаттың аясында, ашық отқа пісірген екен. Ал мен осы тағамды үй жағдайында пісіріп көргім келді. Дәмі қалай болады екен деген ой маза бермей, істеуге асықтым) Ал соңғы рет қазақтың ұлттық тағамдарынан  Жаппа деген тағамды әзірлеген болатынбыз.
Бұл тағамның ерекшелігі, еттің жай суда емес, ірімшікпен бірге пісуінде. Соның нәтижесінде сорпасы тәттірек болып тұрады. Және етке де аздап тәтті дәм беріп тұрады. Өйткені сүттің құрамында лактоза болатындығы баршамызға белгілі. Сол сорпадағы тәтті дәмді бейтараптандыру үшін құрт қосуды ұсынар едім. Әдетте, тұздыққа құрт қоспаушы едік, бірақ осы жолы қостым.
Сонымен қатар тәттілігін азайту үшін сүтті сумен араластырып пісірсе де болады. Мысалы, мен 4 литр сүт алсам, сіздер 2 литр су және 2 литр сүтпен істеулеріңізге болады.


Қуыс құлақ ұлттық тағамының құрамы:

  • Жылқының еті,
  • Қазы,
  • Қарта,
  • Сорпаға қосатын жұмсақ құрт.
Сорпасына:
  • Сүт - 4 л.,
  • Айран - 0,5 л.
Жаймасына:
  • Ұн - 1,5 стақан,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Тұз және су.
Тұздығына:
  • Пияз - 1-2 дана,
  • Тұз, Бұрыш.

Дайындалу тәсілі:


Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Сүтті отқа қойдым, қайнайын деп қалғанда үстіне айран құямыз да, сүт ірігенде отты өшіріп, сұйықтықты суытып қоямыз. Қазының ішегі жарылып кетпес үшін, суытып алып бірақ пісірдім.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Жылқының еті, қазы және қарта.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Ірімшік бөлме температурасына жетіп, суығанда етті саламыз.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Ет дайын болғанша пісіреміз, ол етіңізге байланысты. 1-2 сағат аралығында болады.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Жаймамызды жаямыз.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Етті түсіріп аламыз. Сорпадағы ірімшігін де сүзіп аламыз.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
1-2 кесе сорпаға туралған пияз, тұз, бұрыш және құртты қосып, тұздық дайындаймыз.


Осымен тағамымыз дайын. Табағымызға жайманы, үстіне ет, қазы-қартаны салып, үстәіне тұздық құямыз. Бөлек ыдысқа ірімшігін де ұсынамыз. Және дастарханға құртты ұсянуды ұмытпаңыз.
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ

Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, үнемі дайындап жүрейік.

Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Өзгеше панировкадағы тіл үйірер наггетс
Жаншылған еттен орама

Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз

2 комментария: