среда, 2 июля 2014 г.

Дәруменді микс немесе "ғарышкердің таңғы асы"



Дәруменді микс

Бір ыдыс толған дәрумен! Одан артық не керек?! "Ғарышкердің таңғы ас" деп те тегін аталмайды, деніңіз сау болсын десеңіз осы қоспаны күнделікті рационыңызға енгізіңіз.
Блогымдағы ең оңай, әрі ең пайдалы рецепт.
Осы дәруменді миксті істегелі, балапандарым кәмпитті сұрауды да қойды. Өйткені ол тәтті болғандықтан, ағзаның тәттіге деген қажеттілігін кәмпитсіз де қанағаттандырады. Өзім беруге ұмытып кетсем, "ғарышкердің таңғы асын жеген жоқпыз" деп өздері еске түсіріп жүреді.
Шамамен, кішкентай балаларға 1 шай қасықтан, ал ересектер 1 ас қасықтан күніне 3 рет жесе, ағзаға қажетті күнделікті дәрумендер және микроэлементтер порциясын алып тұрасыз.
Құрамын қалауыңызға қарай өзгертуге аласыз. Мысалы, басқа жаңғақ түрлерін немесе қара өрік, інжір қосуға болады.

Құрамы:


  • Өрік - 1 стақан,
  • Мейіз - 1 стақан,
  • Грек жаңғағы - 1 стақан,
  • Лимон - 1 дана, 
  • Бал - 5-6 ас қасық.
Лимонды қабығымен тураймыз. Жаңғақ, өрік, мейіз және туралған лимонды еттартқыштан өткіземіз. Балды қосып, араластырамыз. Ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтаймыз.
Дәруменді микс
Дәруменді микс

Деніңіз сау болсын!



Оқи отырыңыз:

Австрияның ең танымал десерті - Линц торты

Тауық және көкөністер қосылған бәліш

Комментариев нет:

Отправить комментарий