четверг, 17 июля 2014 г.

Салмасы бар баялды тілімдері



Баялды мен қызанақ ең жақсы үйлесетін тағамдардың бірі, бірақ көбіне осы баялдыны майға қуырып, арасына майонез мен сарымсақ жағып, үстіне қызанақты қойып ұсынып жатады. Ал мен сіздерге тура сол тағамдармен мүлдем басқаша нұсқасын ұсынайын деп отырмын.

Құрамы:

  • Баялды - 2 дана,
  • Нан 1-2 тілім, 
  • Пармезан енемесе басқа ірімшік - 20-30 гр.,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Тұз - 0,5 шай қасық.

Салмасына:
  • Қызанақ - 2 дана,
  • Аскөк, ақжелкен,
  • Сарымсақ - 1-2 түйір,
  • Қаймақ - 2-3 ас қасық.

Нан мен пармезан ірімшігін блендермен үгітеміз. Қатты ұсақтамаймыз.
Баялдыдан ұзын тілімшелер кесеміз.
Жұмыртқаға тұзды араластырамыз. Тұзды көбірек салу керек, өйткені салмасына тұзды көп салмаймыз. Мен мүлдем салған жоқпын, сіз қалауыңызша, аздап салуыңыззға болады. Көп салсақ, қызанақтың суы көп бөлініп кетеді.
Әр баялды тілімін жұмыртқаға малып,
панировкаға аунатамыз. Пештің табағына фольга жайып, үстіне сұйық май жағамыз да, үстіне тілімдерді тізіп, 180°С-та қызып тұрған пешке 15-20 минутқа қоямыз.
Салмасын дайындаймыз.
Әр тілімге бір жағына қарай салмасын салып, екінші жағымен жауып қоямыз.




Астарыңыз дәмді болсын!


Оқи отырыңыз!

Қатпарлы қамырдан жасалған раушангүл
Палау
Сәбізді торт
Ашыған көже және ашыған бауырсақ

6 комментариев:

  1. панировка панировочный сухари ма?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. бұл жерде панировка дегенім өзіміз жасаған панировка, яғни үгітілген нан мен ірімшік.

      Удалить
    2. al panirovochnyi suharige aunatyga bolama?

      Удалить
    3. Өз басым панировочные сухаримен істеп көрген жоқпын, бірақ істеп көруге болады деп ойлаймын

      Удалить
  2. Дал осылай духовкеге салдм баялдыны, бирак жонди писпеди баялды.каттылау болды и буктелмеды

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Мүмкін баялды тілімдері қалыңдау болып кеткен шығар. Жөнді піспесе тағы 5-10 минутқа қоюға болады.

      Удалить