пятница, 25 июля 2014 г.

Жидектермен сәнделген классикалық чизкейк



Ірімшікті чизкейк
Қамырсыз жасалатын тәтті пісірмелердің бірі чизкейк. Кремі көп, қамырлары ауыр торттардаң жалыққан адамға таптырмас шешім - жеңіл чизкейк. Жасалуы да оңай.
Чизкейкті сүзбелі ірімшіктен (творожный сыр) және сүзбеден немесе ақ ірімшіктен (творог) жасайды. Алдында Ақ ірімшіктен жасалған чизкейк жасаған болатынбыз, осы жолы ірімшікті чизкейк жасаймыз. Оған ірімшікті таңдағанда мұқият болыңыз, кілегейлі ірімшікпен шатастырып алмаңыз. Кілегейлі ірімшіктің түсі сары және қоймалжың болады. Ал бізге керегі сүзбелі түрі, оның түсі ақ болады және консистенциясы қоп-қою болады.
Негізін ретінде екі түрлі печенье алдым - үгілгіш және кебекті (отрубное) печенье алдым.  
Менің формамның диаметрі - 18 см. 

Чизкейктің құрамы:

  • Печенье - 150 гр.,
  • Сары май - 50 гр.,
  • Қант - 1 ас қасық.
********
  • Сүзбелі ірімшік - 420 гр. (үш құты),
  • Қаймақ 20% - 100 гр.,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Қант - 1/3 стақан,
  • Лимон шырыны 1-2 ас қасық және цедрасы,
  • Ванилин.
********
  • Ақ шоклолад - 50 гр.,
  • Сүт - 2 шай қасық,
  • Түрлі жидектер - 200 гр.,
  • Мелисса немесе жалбыз,
  • Қант пудрасы.

Чизкейктің жасалу жолы:

Алдымен печеньеден жасалған негізін жасаймыз.
Печенье, ерітілген май және қантты блендерде майдалаймыз. 
Асты алынатын форманың астына пергамент жаямыз, үстіне печенье үгітіндісін салып, асты тегіс стақанмен тегістеп шығамыз.
Қатты тығыздап, біркелкі тегістеу керек.
Ірімшігін дайындағанша мұздатқышқа қоямыз.
Ірімшік, жұмыртқа, қаймақ, қант, ванилин, лимон шырыны және цедрасын миксермен араластырамыз.
Ірімшікті қоспаны печеньеден жасалған негізге құямыз.
Форманы үлкенірек ыдысқа қойып, ішіне қайнаған су құямыз.
170°С-та қызып тұрған пешке 50 минутқа қоямыз,
Чизкейктің үстінде жидектер жақсы тұру үшін ақ шоколадты жағуымыз керек. Ол үшін ақ шоколадты ерітеміз және сүтпен араластырмыз да, чизкейктің бетіне жағамыз.
Осыдан кейін үстіне жидектерді қоя береміз.
Чизкейк дастарханға ұсынбас бұрын тоңазытқышта кемінде 5-6 сағат тұру керек.  

Ірімшікті чизкейк
Ірімшікті чизкейк


Оқи отырыңыз:

Салмасы бар баялды тілімдері
Австрияның ең танымал десерті - Линц торты
Тартар тұздығы

1 комментарий: