пятница, 4 июля 2014 г.

Палау



Палау
Палау Орта Азия көп халықтарының асханасына тән тағам түрі. Түрлері де өте көп. Мен осы бір түрін ғана жасаймын. Бірақ ішіндегі ет түрін өзгертемін - мысалы, кейде қой етінен немесе туық етінен. 
Палау жасауда әр қыз-келіншектеріміздің өз құпиялары бар болар. Өйткені палау тек бір рецепт бойынша жасалады деу, қателік болар. Сондықтан, мен өз құпияларыммен бөліссем:
  1. Палау пісіп жатқан қазанды пісу барысында ашпау;
  2. Пісіру барысы менде 4 кезеңге бөлінген: 
    1. қатты отта 2-3 минут пісіру. Қатты  бұрқылдап қайнаған кезде отты азайтамыз;
    2. орташа отта 5 минут пісіру;
    3. өте баяу отта 10 минут пісіру;
    4. қазанның астындағы отты өшіргеннен кейін, қақпағын ашпай тағы 10-15 минуттай қалдыру.
  3. Палаудың негізгі дәмдеуіштері - зира (кумин), барбарис және сары түс беретін куркума немесе шафран;
  4. Ноқат (горох нут) көп піседі, сондықтан алдын ала 5-6 сағат суық суға салып қоямыз. Нәтижесінде көлемі 2 есе өседі.
Уақытты үнемдеу үшін мен қатырылған сәбіз алдым. Ол туралы Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз постында жазып кеткенмін.

Палаудың құрамы:


  • Ет - 700-800 гр.,
  • Пияз - 2 дана,
  • Сәбіз - 2 дана,
  • Сарымсақ - 1 бас,
  • Ноқат - жарты кесе (құрғақ күйіндегі мөлшері),
  • Күріш - 1 кесе,
  • Өсімдік майы - 100 гр.,
  • Дәмдеуіштерден - зира, барбарис, куркума.
Қазанға майды құйып, қыздырамыз. Қатты қызған кезде етті саламыз.
Еттің сәл қуырылып, сөлі шыға бастағанда ноқатты саламыз, үстіне 1 кесе су құямыз.
Суы азайып, қайта қуырыла бастағанда туралған пияз бен сәбізді саламыз. Сәбіз бен пияз сөлін бөліп, жұмсарғанша қуырамыз. Дәмдеуіштерді саламыз.
Сарымсақтың сыртқы жұқа қабығын аршып, жуамыз.
Күрішті саламыз. Бір кесе күрішке 1,5 кесе қайнаған су құямыз.
Үстіне сарымсақты қоямыз.
Отты қатты қойып, қақпағын жауып қоямыз. Жоғарыда көрсетілген кеңестер бойынша отын кезеңімен азайтып, отырып пісіреміз.

Палау
Палау

Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Етті бәліш

Теңіз ирекшелері: дәмді әрі пайдалы деликатес

Комментариев нет:

Отправить комментарий