суббота, 12 июля 2014 г.

Итальянша фрикадельки



Итальянша фрикадельки
Біз көбіне фрикаделькиден көже/сорпа істейміз. Алайда үйреншікті фрикаделькиден мерекелік дастарханның сәні болатындай тағам әзірлеуге болады.
Итальяндық деуім де тегін емес. Өйткені құрамындағы дәмдеуіштер, пармезан ірімшігі және гарнир ретінде ұсынылған пастаның арқасында кәдімгі фрикадельки итальян асханасының тағамы болып шыға келді. Осы ел асханасының тағы бір "өкілі" - Лазанья, оның жасалуын алдыңғы посттарда жазып кеткенмін.

Блогымдағы тартылған еттен (фарштан) соңғы рецепт - Етті бәліш (пирог) болыпты. Бүгін фрикаделькидің жасалуын ұсынып отырмын.

Құрамы:

  • Фрикадельки - шамамен 1 кг.,
  • Зәйтүн майы - 4-5 ас қасық,
  • Сарымсақ - 2 түйір,
  • Қызанақ - 4 дана,
  • Тұз, қант,
  • Райхан (базилик) - 5-6 жапырақ + сәндеуге,
  • Пармезан ірімшігі - үстіне себуге.

Гарнирге:
  • Спагетти - 300 гр.


Мен қатырылған фрикадельки алдым. Ол туралы Асүйдегі тайм-менеджмент. Ет жазбасында жазып кеткенмін.
Фрикаделькидің құрамында сиыр еті, пияз бен сарымсақ және дәмдеуіштерден тұз бен бұрыш.
Қатырылған фрикаделькиді жібітпей пісіре береміз, тек пісіру уақытын 2-3 минутқа арттырамыз.
Табаға зәйтүн майын құйып, қатты қызған кезде фрикаделькиді саламыз.
Фрикадельки қуырылғанша сарымсақты ұсақтап, дайындап қоямыз.
Қызарғанша 4-5 минут қуырамыз. Табаның астындағы оты қатты тұру керек, кері жағдайда фрикаделькидің сорпасы бөлініп кетеді. 
Отты өшірмей фрикаделькилерді түсіріп аламыз,
табаға сарымсақты саламыз.

Спагеттиді пісіре береміз. Аль денте немесе шала пісіруді ұмытпаңыз. Паста қатты езіліп тұрмау керек.
Қызанақты блендермен майдалаймыз.
Сарымсақтың үстіне қызанақты құямыз.
Тұз және аздап қант саламыз.
Қақпағын жаппай, қатты отта 4-5 минут қайнатамыз. Сонда тұздық сәл қоюланады.
Үстіне туралған райхан жапырақтарын саламыз.
Шала піскен фрикаделькиді тұздыққа қайта салып, қақпағын тағы 10 минуттай пісіреміз.
Дастарханға ұсынуға дайын. Тәрелкеге алдымен спагетти, үстінен қызанақты тұздықтағы фрикадельки, оның үстіне үгкіштен өткізілген пармезан ірімшігін сеуіп, райхан жапырақтарымен әсемдейміз.
Фрикаделькиге коса, жеңіл салат ұсындым. Құрамы - қызанақ, орамжапырақ және балқарағай жапырақтары.

Итальянша фрикадельки
Итальянша фрикадельки

Итальянша фрикадельки
Итальянша фрикадельки

Астарыңыз дәмді болсын!




Оқи отырыңыз:

Нектарин қосылған галета
Кивиден сорбе

Виндалу және наа

4 комментария:

  1. Салем. Сизге отиниш бар. Балаларга арналган тагамдар болигин ашынызшы. Балаларым 1.5 жане 2.7 жаста. Тамакты осы бастан талгап жейди (((. Сиз кандай тамак истеп бересиз?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Блог мәзіріндегі тәттілер болмаса, қалғанын менің балаларын жемейді. Түріне қарап, бір шұқиды болды. Істеп беретінім көбіне сорпалар/көжелер. Күріш, кеспе, қарақұмық, кейде асбұршақ. Еш зажаркасыз, барлығы суға піскен. Ең бір сүйіп жейтін тамақтары таңертеңгілік ботқалар, одан кейін котлет. Шектеп бермесе, тоқтаусыз жеуге бар. Қалған тамақтың сәбізін, пиязын шұқып отырады))
      Балалар тағамы бөлімі туралы құрбым да ұсыныс тастап еді, сол бір шешімге келе алмай жатырмын. Келешекте ескере жүремін ұсынысыңызды.

      Удалить
  2. Сол боткалардын рецептин жазсаныз, Керемет болар еди. Тек балаларга емес, улкендерге де истеп берер ем, ин ша Аллах

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Ол оңай ғой, әр жарманың қаптамасында берілген нұсқаулық бойынша пісіресіз. Мысалы, 1 кесе жармаға (жүгері, бидай жармасы, геркулес, т.б.) 3 кесе сұйықтық (2 кесе су + 1 кесе сүт). Қоюлау десеңіз тағы бір кесе сүт құюға болады. Қосымша - сары май, қант, тұз қосасыз. Оған қоса мейіз де қосуға болады.

      Удалить