среда, 16 июля 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа


Қазақтың ұлттық тағамы - ЖаппаКөп дайындала бермейтін, көбі біле бермейтін қазақтың ұлтық тағамын дайындаймыз. Жаппа немесе кей кездері шымшыма деп те аталып жатады. Өзімнің енгізген жаңалығым - дастарханға ұсыну үлгісі. Әр порциясын жеке-жеке жаппа қамырдың ішіне салып ұсындым. Меніңше, мерекелік дастарханда керемет көрінетін, ерекше тағам болып шыға келді.
Соңғы рет Итальянша фрикадельки тағамын әзірлеген болатынбыз, енді қазақтың ұлттық тағамын әзірлеуге уақыт келген сияқты.
Жаппа ұлттық тағамының ерекшелігі - қазандағы тағамдарыдың үстін қамырмен жауып пісірілуі, атау да содан шыққан. Ең дәмді жері де дәл осы қамырында. Өйткені қамырлардың әр қабатына сары май жағылған. Сорпаға піскен жайма сияқты жұмсақ және майға піскен шелпектей майлы да болмайды, соның дәл ортасында. Шамалы қатқыл, әрі сары май иісі мен дәмі керемет шығып тұрады.  Сондықтан, бұл тағам үшін сары майды өте мұқият таңдау керек. Тек қана қолдың сары майы болу керек. Дүкендегі ақ майдың дәмі бәрібір ауылдың сары майына жетпейді.

Gourmania аспаздық блогында ұлттық дастарханнан соңғы рет - Ашыған көже және ашыған бауырсақ ұсынылған болатын.

Жаппа ұлттық тағамының құрамы:

  • Ет - 500-600 гр.,
  • Пияз - 1 дана,
  • Сәбіз - 1 дана, 
  • Тәтті бұрыш - 1 дана,
  • Картоп - 600-700 гр.,
  • Тұз, бұрыш, аскөк.

Қамырына:
  • Ұн 1-1,5 стақан,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Тұз - 0,5 шай қасық,
  • Су - 1-2 ас қасық.


Қамырлардың арасына жағуға:
  • Сары май - 50-60 гр.

Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Майы бар қызып тұрған қазанға етті қуырамыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Еті піскенше, көкөністерді турап дайындаймыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Ет піскеннен кейін сәбіз бен пиязды саламыз. Сәл қуырамыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Тәтті бұрышты саламыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Еттің жаймасы сияқты қамыр илейміз, иі қанғанша 15-20 минутқа жауып қоямыз. 
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Жарты кеседен сәл көп су құямыз, су картоптың бетіне шығып кетпеу керек.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа

Қамырды бес бөлікке бөліп, өте жұқа жаямыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - ЖаппаСары майды ерітіп, әр қабатына жағып, бір-бірінің үстіне қоямыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Картоп шала піскен кезде, қамырларды сол күйінде алып, картоптың үстіне қоямыз.
Суы картоптың үстіне шықпау керек дегенім осы, картоптан шығып тұрса қамыр суға малынып, езіліп кетеді.
Қамырымен қоса тағы 15-20 минут пісіреміз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа

Жаппаны дастарханға да жаппа түрінде ұсындым. Тәрелкеге бір қамырды қоямыз, үстіне бір жартысына қуырдағын саламыз да, екінші бос жағымен жауып қоямыз. Үстіне аздап аскөк себеміз.  
Жақындарыңызды дастарханға шақыра беріңіз)
Негізі, біз қамырына тоймай қалдық)) сондықтан қамырына берілген тағамдарды екі еселеп алып, көбірек істеуге болады.

Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа

Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыздар:

Дәруменді микс немесе "ғарышкердің таңғы асы"
Француздық пиязды сорпа
Жульен бәліші
Ұлттық тағам - Қарма

14 комментариев:

  1. Кушти !!!
    Картопты салган сон, орташа отка коямыз ба немесе акырынга ма?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Су құйғаннан кейін, сорпасы жақсылап қайнағаннан кейін, баяу отқа қойған дұрыс болар, езілмей, біркелкі піседі.

      Удалить
  2. Камыры бир-бирине жабысып калмас па екен?Қаншалықты майлаган дурыс?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Жоқ, майланған нәрсе жабыспайды. Мен майды сұйық болғанша еріттім де, суреттегі силиконды жаққышпен жақтым, онымен қалың жағылмайды. Көбірек майласаңыз, өз еркіңізде. Одан тек дәмдірек болады деп ойлаймын. Іске сәт! Жасасаңыз, қалай шыққанын айтып, бөлісіңіз)

      Удалить
  3. Биздин отбасыга осындай тагамдар жаксы келеди. Нагыз казактардын тамагв ))))
    Интернетти карасам, коби орыстардын саныраукулак пен ттауык ети косылган рецепттер. Осындай тагамдар коп болса го етти )))

    ОтветитьУдалить
  4. Мен дайындап жатырмен ауызашарға, нәтижесін айтармын))))

    ОтветитьУдалить
  5. Салеметсиз бе, блог авторы! Блогыныз тамаша, адеми казак тилинде жазылган. Сизди тауып алганыма куаныштымын. Куш-куатыныз таусылмасын, бизди дамди тагамдардын рецептеримен куанта бериниз. Колынызга дерт бермесин. Ал тагамга келер болсак, мен кеше азирледим. Оте дамди шыкты, нанын кобирек кылып жасадым. Тагы да улкен рахмет.

    ОтветитьУдалить
  6. бізде бұл тағамды мампар дейді

    ОтветитьУдалить
  7. Шымшыманы кишкентай кезимизден бери жеп келемиз, казир озимде уйде жиi дайындаймын. Коби шымшыманы казактын улттык тагамы екенине сенбейди. Блогта рецепти жариялаганынызга коп ракмет.

    ОтветитьУдалить
  8. Бұл рецептті бізде "штруль" дейді, бірақ жаңағы шелпекті дәл осылай майлап орап, бөліктерге бөліп,( рулет сияқты) картоптың үстіне қатарлайды. Сіздікі ерекше екен ! )

    ОтветитьУдалить
  9. Тамаша!!! Мұндай қазақша блог бар екенін білмеппін. Рахмет. Мен де көптен өз блогымды ашқым келіп жүр еді. Қалай аштыңыз, айтыңызшы?

    ОтветитьУдалить
  10. Гульназ Умбетова8 апреля 2015 г. в 01:25

    Кешкі асқа не дайындарымды білмей отыр едім... Енді осы тағамды бүгін кешкі асқа дайындаймын

    ОтветитьУдалить