вторник, 23 июня 2015 г.

Тəтті қыз торты/Торт Молочная девочка


Бұл торттың корждары да, кремі де қойылтылған сүттен жасалғандықтан Молочная девочка деп аталады. Жасалу жағынан ең оңай кремді торт шығар, тәтті бәліштерді санамағанда)
Пайдалы ақпарат: Қойылтылған және піскен қойылтылған сүтті сатып алған кезде құтыдағы жазуына мән беріңіз. Тек қана ГОСТ бойынша өндірілгенін алыңыздар. ТУ бойынша әзірленген сүттің, әдетте, бағасы төменірек болады, ал сапасы мүлдем нашар болып келеді. Тортыңыздың дәмді шығуына бірден бір себеп - дұрыс таңдалған, жоғары сапалы сүт өнімі. 

Құрамы:

Корждарына:
  • Қойылтылған сүт (сгущенка) - 1 құты,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Ұн - 1,5 стақан,
  • Қопсытқыш - 1 ш.қ.,
  • Банан - 2 дана,

Креміне:
  • Қаймақ - 1 стақан,
  • Піскен қойылтылған сүт (варенка)  - 2-3 ас қасық.

Бетін әсемдеуге:

  • Шоколад - 80 гр.,
  • Сүт - 2 ас қасық,
  • Түрлі жеміс-жидектер.

Жасалу жолы:

қойылтылған сүт
Пешті 200°С-та қыздырып қоямыз.
Қойылтылған сүт, жұмыртқа, қопсытқышпен қоса еленген ұнды біркелкі етіп араластырамыз.
Пергамент қағазына диаметрі 18-20 см болатындай шеңбер сызамыз. Шеңбердің ортасына 2,5 қасық қамыр құямыз.
Сызылған шетіне дейін тегістейміз. Қызып тұрған пешке 7-8 минутқа қоямыз,

Енді кремін әзірлейміз. Ол үшін қаймақ пен піскен қойылтылған сүтті араластырамыз. Кремнің тәттірек шыққанын қаласаңыз, піскен қойылтылған сүтті көбірек қоссаңыз болады.
Корждардың шеттері аса тегіс шықпаса, тарелка қойып, тегістеп кесіп шығуға болады.

Әр коржға крем жағамыз, үстіне дөңгелектеп туралған бананды саламыз. Солай барлық корждарын қойып шығамыз. Негізі, банан салу керек деген қатып қалған ереже жоқ, барлығы өзіңіздің қиялыңызға, талғамыңызға қарай.
Ең үстіңігісіне банан салмаймыз, тек жұқалап крем жағамыз. Тоңазытқышқа қоямыз да, глазурін дайындаймыз.
Шоколадты қысқатолқынды пеште ерітеміз, сүтпен араластырамыз.
Глазурьді торттың бетіне құямыз да, жеміс-жидектермен сәндейміз. Торт дастарханға ұсынбас бұрын тоңазытқышта 1 түн тұрса жақсы, кремі сіңіп тұрады.


1 комментарий:

  1. Саламатсыз ба. Блогка рахмеь. Неше корж пісіреміз осы тортка. Отиниш вупи пай тортын пісіріп көрсете аласыз ба.

    ОтветитьУдалить