понедельник, 1 июня 2015 г.

Дамские пальчики торты



Бала кезімізден таныс, ең дәмді торттардың бірі - Дамские пальчики. Піскен қамырдан жасалады, ішіне крем салсаңыз профитроли немесе эклер болады, сыртына қаймақты крем жақсаңыз сол Дамские пальчики торты болып шыға келеді.

Құрамы:

Қамырына:
  • Сүт - 1/2 стақан,
  • Су - 1/2 стақан,
  • Сары май - 150 гр., 
  • Ұн - 1 стақан,
  • Жұмыртқа - 4 дана.
Креміне:
  • Қаймақ - 400 гр.,
  • Қант - 1 стақан.

Жасалу жолы:

  1. Су, сүт және майды отқа қоямыз. 
  2. Суы қайнаған кезде ұнды саламыз. 2-3 минут араластырамыз. Қамыр ыдыстың шетіне жабыспай, жақсы алына бастағанда оттан аламыз. 
  3. Пешті 200°-та қыздырып қоямыз. Противеньді майлаймыз.
  4. Қамырды сәл суытамыз. Қамырға жұмыртқаны бір-бірден салып, араластырып отырамыз.
  5. Противеньге 1 ас қасықтан қамырды саламыз, арасы жақын болмау керек. Өйткені қамыр 2 есеге дейін өседі. 200°С 20-25 минут пісіреміз. Пештің ауызын сіл ашып, суығанда ғана аламыз.
  6. Кремін жасау үшін қаймақ пен қантты миксермен араластырамыз.
  7. Профитролилерге қаймақ жағып, үстін жаңғақ, шоколадпен сәндеуіңізге болады.
  8. 2-3 сағат тоңазытқышта тұрғаннан кейін бірақ ұсынғаныңыз жақсы. Сол уақытта кремі жақсы сіңеді.







Ас болсын!



Оқи отырыңыздар:

Асүйдегі тайм-менеджмент немесе көкөністерден дайындама жасаймыз
Үгілмелі печенье
http://www.gourmania.kz/2014/04/blog-post_2806.html

Комментариев нет:

Отправить комментарий