четверг, 4 июня 2015 г.

Шелпек



Ұлттық тағам - Шелпек
Шелпек жасаудың әр адамның өз құпиялары болар. Мен үнемі анамның үйреткені бойынша жасаймын. Ондай шелпек, өте жұмсақ, әрі дәмді шығады.

✔Құрамы:

  • 2,5 стақан ұн, 
  • 0,5 стақан сүт, 
  • 1 стақан жылы су, 
  • 1 ас қасық сары май, 
  • 1 шымшым тұз, 
  • 1 шымшым ас содасы. 


✔Жасалуы: 

Ұнды улкенірек ыдысқа елейміз, содамен араластырамыз. Ортасына ұңғыма жасап, еріген май, жылы сүт жəне тұзды суды біртіндеп құйып, қамыр илейміз. Иі қанғанша қамырды 15-20 минутқа жауып қоямыз. Тағы бір басып қоямыз 10 минутқа. Қамырды жұқалап жайып, майға тез қуырамыз. Майда көп ұстасақ шелпек қытырлақ болып қалады. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий