понедельник, 29 июня 2015 г.

Гаспачо


Гаспачо - Испан асханасының қызанақтан жасалған суық көжесі. Жазға жеңіл, әрі дәруменге бай тағам. Пісіруді қажет етпейді)

Құрамы:

  • Қызанақ - 4-5 дана,
  • Қызыл тәтті бұрыш - 1/2 дана,
  • Қияр - 1 дана,
  • Пияз (кішкентай) - 1/2 дана,
  • Зәйтүн майы - 3 ас қасық,
  • Тұз, бұрыш,
  • Нан - 2 тілім.

Жасалу жолы:
Көкөністерді 3-4 бөлікке бөлеміз, қиярдың қабығын аршуды ұмытпаймыз. Барлығын блендермен әбден майда болғанша араластырамыз.  
Ең соңында зәйтүн майын құямыз. Нанды төртбұрыштап турап пеште немесе табада кептірепіз. Немесе дайын қытырлақ нан алуыңызға болады. Осымен тағамымыз дайын, сәл суытып ұсынуыңызға болады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий