пятница, 12 июня 2015 г.

Торфты бәліш/Торфяной пирог


Бұл эстондық бәліш чизкейкке де ұқсайды, ірімшікті бәлішке де ұқсайды. Бірақ өзінің какао қосылған шоколадты ұнтағымен ерекшелінеді. Ірімшік жемейтін балалардың өзі де
тамсанып жейтініне кепіл беремін;)
Негізгі рецепт бойынша жеміс салынбайды, бірақ тәтті бәлішке қышқыл дәм артық болмас деп қышқыл қызыл өрік қостым. Қателеспеппін. кішкентай дегустаторларым да мәз болып жеп алды)) Кескенде де арасынан әдемі көрініп тұрады. Бірақ қышқылды ұнатпасаңыз басқа тәтті жеміс-жидек салуыңызға болады.
Мен істеген қалыптың диаметрі 18 см.

Құрамы:

Ұнтағына:

  • Ұн - 1 стақан қара бидай ұны, 1 стақан ақ бидай ұны (немесе 2 стақан ақ бидай үны),
  • Сары май - 150 гр,
  • Қант - 1/2 стақан,
  • Какао - 4 ас қасық,


Салмасына:

  • Ірімшік - 500 гр.,
  • Қаймақ - 100 гр.,
  • Крахмал - 1 ас қасық (немесе 2 ас қасық манка),
  • Жұмыртқа - 3 дана,
  • Қант - 1/2 стақан,
  • Ванилин,
  • Қызыл өрік - 150 гр. (немесе басқа жеміс жидек).

Жасалу жолы:

Қант, ұн, какао және сары майды араластырамыз. Қолмен араластырса да айырмашылық болмайды.
Нәтижесінде майлы ұнтақ пайда болады.
Қалыптың астына пергамент қағазын төсейміз. Пешті 170°С-та қыздырып қоямыз.
Ұнтақтың жартысын қалыпқа саламыз, сәл тығыздап жібереміз.
Енді салмасын әзірлейміз. Ірімшік, жұмыртқа, қант және қаймақты біркелкі майда болғанша араластырамыз.
Қалыптағы ұнтақтың үстіне ірімшікті қоспаны саламыз, үстіне туралған қызыл өрікті саламыз. 
Үстінен қалған ұнтақты салып, 1 сағат пісіреміз. Суығаннан кейін тоңазытқышқа кемінде 2 сағатқа қойып бірақ, дастарханға ұсынған жөн.
Үстіне аздап қант пудрасын сеуіп, құлпынаймен сәндедім.
 


1 комментарий:

  1. Туух мен бираз жаналыктан калып койыппын. Тамаша пирог))

    ОтветитьУдалить