четверг, 4 июня 2015 г.

Синнабон тоқаштары

Синнабон - АҚШ-тан бастау алған, одан кейін бүкіл әлемге танылып кеткен даршын қосылған тоқаштары. Иісі аңқыған, дәмі тіл үйірер тоқаштар. Көбіне үстіне крем жағып ұсынылады.  

Құрамы:

Қамырына:
  • Жылы сүт - 1 стақан,
  • Ашытқы - 2 ас қасық,
  • Сары май - 200 гр.,
  • Жұмыртқа - 4 дана,
  • Қант - 4 ас қасық,
  • Тұз - 1/2 шай қасық,
  • Ванилин,
  • Ұн - 5-6 стақан.

Арасына себу үшін:
  • Қант - 8 ас қасық, 
  • Какао - 1 ас қасық,
  • Даршын - 1 шай қасық,
  • Сұйық май.

Креміне:
  • Кілегейлі ірімшік (творожный сыр) - 150 гр.,
  • Сүт - 3 ас қасық,
  • Қант пудрсаы - 2 ас қасық.

Жасалу жолы:

Жылы сүтке қант пен тұзды ерігенше араластырамыз да, ашытқы салып 15 минуттай күтеміз. Сонда ашытқы еріп, көтеріле бастайды.
Үлкен ыдысқа ашытқы қосылған сүтті құямыз, үстіне жұмыртқа, еріген сары май және ванилинді салып, араластырамыз.
Ұнды елеуіштен өткізіп біртіндеп араластырамыз. Бірден 6 стақан сала салмаңыз, кейде 5 стақан да жеткілікті болады. 
Қамырды тығыз қылмай, жұмсақ етіп илейміз. Бетін жауып, жылы жерге 15 минутқа қоямыз. 15 минуттан кейін қамырды бір басып, тағы солай 3 рет қайталаймыз.
Пешті 180°С-та қыздырып, қалыпқа май жағып, ұн сеуіп дайындап қоямыз.
Какао, қант және даршынды бөлек кесеге араластырамыз.
Қамырды 4 бөлікке блеміз. Төртбұрыштап жаямыз да, үстіне сұйық май жағамыз. Оның үстіне қантты қоспаны себеміз. Қамырды шиыршықтап ораймыз. 10 бөлікке бөлеміз.
Кесілген тоқаштарды формаға салып. 25-30 минуттай қызарғанша пісіреміз.
Кремін жасаймыз: ірімшікке қант пудрасын және сүтті қосамыз.
Тоқаштарымызды сәл суытамыз. 
Жылы күйінде үстіне кремін жағамыз.

Жылы күінде жеген өте дәмді болады.


Комментариев нет:

Отправить комментарий