четверг, 25 июня 2015 г.

Жусай қосылған галета


Галетаны (ашық бәліш) кез-келген салмасымен жасай беруге болады: жеміс-жидекті болсын, көкөністі болсын. Бүгінгі галетаны брынза ірімшігі, қызанақ және жусаймен жасаймыз.



Естеріңізде болса бұрын да галета жасаған болатынбыз. Жасалу жолдарын келесі сілтеме бойынша көре аласыздар:


Құрамы:

Қамырына:
  • Ұн - 2,5 стақан (жарты ұнды қара бидай ұнымен алмастырдым),
  • Сары май - 150 гр.,
  • Мұздай су - 3-4 ас қасық,
  • Тұз.

Салмасына:
  • Жусай - 100 гр.,
  • Брынза ірімшігі - 150 гр.,
  • Черри қызанағы - 200 гр. (немесе кәдімгі қызанақ - 2 дана),
  • Қаймақ - 3 ас қасық,
  • Тұз, бұрыш.

Жасалу жолы:


Ең алдымен қамырын илеп аламыз. Ол үшін қатты сары майды ұнның үстіне үккіштен өткіземіз. Кейін қолмен араластырып жібереміз. Нәтижесінде майлы ұнтақ пайда болу керек. Енді үнтақ қамырға біріккенше, аздап су құямыз. Дайын қамырды тоңазытқышқа қоямыз да, салмасын дайындаймыз.
Жусайды тураймыз, брянзаны үккіштен өткіземіз, қызанақты тураймыз. Қаймақ, тұз, бұрыш қосып араластырамыз. 

Қамырды екіге бөліп, жұқа етіп жаямыз. Ортасына салмасын саламыз да, шеттерін ортасына қарай бүктейміз.
170°С-та қызып тұрған пешке 30 минутқа қоямыз. Бетіндегі жусай күйіп кетпейтіндей бақылап отырамыз.
Осымен галетамыз дайын. Дастарханға ұсына беруге болады.


Суретте графинде көріп тұрғандай сусын әзірлеуіңізге болады. Ол үшін суық суға жалбыз (мята), лимон және құлпынай немесе қияр салып, кемінде 2 сағатқа қоясыз. Уақыты өткеннен кейін өте дәмді сусын шығады.

1 комментарий: