воскресенье, 28 июня 2015 г.

Сірне


Сірне
Ең дәмді ұлттық тағамдардың бірі - Сірне. Қойдың еті май, сусыз өз сөліне бұқтырылып піседі. Етке қоса қойдың басын да салып жатады, мен осы жолы қазымен бірге пісірдім. Көбіне бұл тағамды табиғат аясында қазанда ашық оттың үстіне немесе қазанды жерге көміп, үстінен от жағып пісіреді. Бірақ уй жағдайында жасалған сірне еш кем түспейді.

Құрамы:

  • Қойдың еті - 2 кг,
  • Қазы - 1 кг,
  • Пияз - 2 дана,
  • Сәбіз - 1 дана,
  • Тәтті бұрыш - 1 дана,
  • Картоп - 1 кг,
  • Тұз, бұрыш,
  • Көк пияз.

Сірненің жасалу жолы:

Сірне
Қазанның ең астына қой етінің майлы жерін, майын төмен қаратып салып шығамыз. Үстінен қазыны қоямыз. Қазыны шимен тескілеуді үмытпаймыз. Тұз, бұрыш себеміз. Астына май құюдың қажеті жоқ.
Сірне
Еттің үстінен туралған пияз, сәбіз, тәтті бұрышты саламыз. Тағы тұздаймыз.
Сірне
Ең үстінен картопты салып, тұз сеуіп, орташа отқа қоямыз. Су құймаймыз. Қазан қызғаннан кейін баяу отқа ауыстырамыз да, қақпағын ашпай, араластырмай 2,5-3- сағат пісіреміз.
Дастарханға ұсынар алдында дайын сірнеге көк пияз себеміз. Осымен сірнеміз дайын.
Сірне
Сірне

Сірне
Сірне

Сірне
Сірне

Комментариев нет:

Отправить комментарий