воскресенье, 14 июня 2015 г.

Қыш ыдыста піскен құныс (горбуша) балығы


Қыш ыдыста (глиняный горшок) тамақ пісірудің бірнеше артықшылықтары бар: біріншіден, тамақ өте дәмді шығады, өйткені ішіне салынған тағамдардың барлығы өз сөліне бұқтырылып піседі. Екіншіден, майға қуырылған тағамдарға қарағанда, әлдеқайда пайдалы. Үшіншіден, уақытыңызды үнемдейді. Өйткені барлық тағамдарды бірден ыдысқа саласыз да, пешке қоя саласыз. қайта-қайта, араластырып, күйіп кете ме деп қорқудың да қажеті жоқ.

Балықтың гарнирін астына салып пісірдім. Қолда бар кез-келген көкөністерден пісіре беруге болады. Тек тоңазытқыштан тапқан көкөністеріңізге және қиялыңызға байланысты)

Құрамы:

  • Құныс балығы - 500 гр.,
  • Брокколи - 200 гр.,
  • Гүлді орамжапырақ - 200 гр.,
  • Тәтті бұрыш - 1/2 дана,
  • Қаймақ - 100 гр.,
  • Сарымсақ - 2 түйір,
  • Ірімшік - 200 гр.,
  • Черри қызанақтары - 10-12 дана (немесе 1 үлкен кәдімгі қызанақ),
  • Тұз, бұрыш.


Жасалу жолы:

Брокколи және гүлді орамжапырақты жуып, гүлдерге бөліп, горшок түбіне саламыз. Тәтті бұрышты да, бірге саламыз. Аздап тұз себеміз. 
Көкөністердің үстіне балықты қоямыз.
Қаймаққа ұсақталған сарымсақты, тұз, бұрышты саламыз. Балықтың үстіне құямыз.
Қақпағын жауып, 180°С-қа 45 минутқа қоямыз.
40 минут өткеннен кейін балықтың үстіне туралған қызанақ, оның үстіне үгітілген ірімшікті сеуіп тағы 10 минутқа пешке қоямыз. Енді қалған уақытында бетін ашып пісіреміз.
10 минуттан кейін тағамымыз дайын, дастарханға ұсына беруге болады.



Комментариев нет:

Отправить комментарий