понедельник, 29 декабря 2014 г.

Прага торты


Бұл торттың рецепті ресейлік фуд-блогер Ирина Чадееваның "Выпечка по ГОСТу" кітабынан алынды. Кітап қолыма тускелі 1-2 ай болды, бірақ қай торттан бастасам екен деп, көп ойландым. Шоколадты жаным сүйетіндіктен, шоколадты торттан бастадым.

вторник, 16 декабря 2014 г.

Брауни



Бұл тәттінің аты бекер Брауни емес (ағылшыннан - қоңыр), шынымен түсі Брауни десе брауни. Ал дәмі шоко-шоко)))
Ең тез жасалатын тәттілердің бірі.

четверг, 4 декабря 2014 г.

Қатпарлы қамырдан алма және ірімшік қосылған штрудель


Штрудель - әртүрлі салмасы бар, орама тәріздес ұннан жасалған тағам. Көбіне штрудельді алмамен жасайды. Бірақ тәтті емес салмасымен де жасай беруге болады (мысалы, картоп, шұжық, орамжапырақ, т.б.). Бастысы көп уақыт алмайды, күтпеген жерден құтты қонағыңыз келе қалса, жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта шайға тәтті жасап жібересіз;)