четверг, 4 декабря 2014 г.

Қатпарлы қамырдан алма және ірімшік қосылған штрудель


Штрудель - әртүрлі салмасы бар, орама тәріздес ұннан жасалған тағам. Көбіне штрудельді алмамен жасайды. Бірақ тәтті емес салмасымен де жасай беруге болады (мысалы, картоп, шұжық, орамжапырақ, т.б.). Бастысы көп уақыт алмайды, күтпеген жерден құтты қонағыңыз келе қалса, жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта шайға тәтті жасап жібересіз;)

Құрамы:

  • Қатпарлы қамыр - 2 жапырақ,
  • Алма  - 2 дана,
  • Қоңыр немесе ақ қант - 1 ас қасық, 
  • Крахмал - 1 шай қасық,
  • Даршын - 1/4 шай қасық,
  • Ірімшік - 200 гр.,
  • Қоюлатылған сүт (немесе 50 гр қаймақ + 1 ас қасық қант) - 2-3 ас қасық,
  • Қара өрік немесе мейіз - 1-2 уыс
  • Жұмыртқаның сарысы (үстіне жағуға).

Жасалуы:


Қатып тұрған қатпарлы қамырды жылы жерге шығарп, жібітіп қоямыз.
Алманы турап, қант, крахмал және даршынды қосып араластырамыз. 
Бір жапырақ қамырды жұқалап жайып (3-5 мм), үстіне алманы саламыз да, орама тәріздес ораймыз
Ірімшік пен қоюлатылған сүтті араластырамыз. Қоюлатылған сүттің орнына қаймақ пен қант қосуға болады.
Жайылған қамырдың үстіне ірімшіктіғ оның үстіне туралған қара өрікті немесе мейізді саламыз.
Орамаларды пештің табағына қойып, үстіне жұмыртқаның сарысын жағамыз.
180°С-та қызып түрған пешке 25-30 минутқа қоямыз.



2 комментария:

  1. Салеметсыз бе кешірерсыз түсінбедім аламаны содан ірімшікті саламыз ма

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Сəлем! Бұл екі түрлі штрудель: біреуінің салмасы - алма, екіншісінің - ірімшік пен қара өрік.

      Удалить