четверг, 27 ноября 2014 г.

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма



Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Қарма деген - балықтан жасалатын қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамы. Қарма немесе Қарыма деген тағы ұннан жасалған басқа тағам бар, аты ұқсас болғанымен бұл екі түрлі тағам.
Сонымен, балықтан жасалған Қарма тағамы қандай екен, көрейік;)  
Өкініштісі бұл тағам туралы ақпарат өте аз екен. Соған қарамастан, жасауға тырыстым. Дәмінің кереметтігінде еш күмән жоқ. Әдеттегідей, мен ұлттық тағамдарымызды сәл заманауи түрде ұсынуға тырысамын. Бұл тағамның Қарма деп аталуы, піскен балық етін қолмен қармалайды (үзеді), гарнир ретінде күріш немесе жаймамен қосылады және сол балықтың еті піскен сопрасымен ұсынылады.

Қарма тағамының тағы бір нұсқасын төмендегі видеоны көрулеріңізге болады.


Ұлттық тағам - Қарманың құрамы:

  • Ақсерке балығы (семга) - 300 гр.,
  • Көксерке балығы (судак)- 200гр.,
  • Сазан балығы  200 гр.,
  • Ысталған шортан балығы - 50 гр. (сәл ысталған дәм беріп тұру үшін),

  • Күріш - 200 гр.,
  • Қызыл уылдырық - 2-3 ас қасық,

  • Тұз, бұрыш, ақжелкен шөбі.

Жасалу тәсілі:

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Балықтарды кесектеп турап аламыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Суық суға салып пісіреміз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Жарты сағаттай пісіреміз.
Басқа ыдысқа сорпаны құйып алып, күрішті пісіреміз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Сорпадан піскен балық алып, аздап суытамыз.
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Балықты қолмен қармалап, үзіп шығамыз.
Тәрелкенің бір жағына салып, екінші бөлігіне күріш пен уылдырықты араластырып саламыз. Аздап ақжелкен шөбімен сәндейміз.
Дастарханға сорпамен ұсынамыз.

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма

Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма
Қазақтың ұлттық тағамы - Қарма

Астарыңыз дәмді болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий