понедельник, 21 июля 2014 г.

Үй жағдайында балмұздақ жасау


Үй жағдайында балмұздақ жасау

Бір кездері дүкен сөрелерінен жоғалып кеткен 35%-дық кілегей қайта пайда болды. Сондықтан бүгін көптен бері үйден балмұздақ істесем, деген ойым жүзеге асты. Оған қоса таңқурай маусымы да басталды. Тәтті балмұздақпен жидектерден басқа тағы не үйлеседі?))) Сөйтіп, бүгінгі мәзірде таңқурай қосылған балмұздақ.
Балмұздақ жасап, рецептті сіздермен бөлісуімнің тағы бір себебі бар. Осыдан 1 ай бұрын Банан мен алмадан сорбе жасаған кезде, оқырманым, балмұздақ жасауды үйретіңізші, деп ұсыныс тастап еді. Сөйтіп оқырманымның сөзін жерге тастамайын деп, бір балмұздаққа тойып алдық;)  

Үй жағдайында жасалатын балмұздақтың құрамы:

  • Кілегей 35,1% - 200 мл.,
  • Қант пудрасы - 3 ас қасық,
  • Таңқурай - 0,5 стақан.

Балмұздақтың жасалуы:


Үй жағдайында балмұздақ жасау
Кілегейдің майлылығы 35 пайыздан жоғары болу керек, майлылығы одан төмен болса, кілегей көпірмейді.
Кілегей міндетті түрде өте суық болу керек. Дәл жасаудың алдында бірақ шығарыңыз тоңазытқыштан.
Кілегейді миксермен орташа жылдамдықпен араластырамыз.
Басында кілегей өте сұйық болып, көпірмейтіндей көрінеді. Бірақ 2-3 минуттан кейін кілегей қоюлана бастайды.
Үй жағдайында балмұздақ жасау
Сәл көпіре бастағанда, біртіндеп қант пудрасын саламыз да, әрі қарай араластырамыз. Тағы 5-6 минуттай араластыру керек.
Үй жағдайында балмұздақ жасау
Қант пудрасы араласып, кілегей қоюланған кезде бірден тоқтату керек. Өйткені көп араластырсаңыз, кілегейдің сары су бөлініп, май болып кетеді.
Үй жағдайында балмұздық жасау
Таңқурайға 1 шай қасық қант пудрасын салып, шанышқымен езгілейміз. Қатты майдалау қажет емес.
Үй жағдайында балмұздақ жасау
Таңқурайды кілегейге қосамыз да, араластырамыз. Біркелкі етіп араластырмаған жақсы, сонда тәтті кілегейдің арасынан қышқылтым таңқурайдың дәмі жақсы шығып тұрады.
Контейнерге салып, мұздатқышқа қоямыз. Балмұздақ 1,5-2 сағаттан кейін дайын болады.

Үй жағдайында балмұздақ жасау
Үй жағдайындағы балмұздақ 
Балмұздақты граноламен жеп көріңіз, өте дәмді болады.


Оқи отырыңыз:

Жульен
Қаттама наны

Тауық етінен жасалған бәліш

2 комментария: