| Бұл тәттінің аты бекер Брауни емес (ағылшыннан - қоңыр), шынымен түсі Брауни десе брауни. Ал дәмі шоко-шоко))) Ең тез жасалатын тәттілердің бірі. |
Құрамы:
- Шоколад - 200 гр.,
- Сары май - 100 гр.,
- Жұмыртқа - 3 дана,
- Қоңыр немесе ақ қант - 100 гр.,
- Ұн - 1/3 стақан,
- Грек жаңғағы - 1/2 стақан.
Жасалу әдісі:
| Шоколад пен сары майды ерітеміз. | |
| Сәл суытып қоямыз. | |
| Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. | |
| Қанты ерігенде ұнды саламыз. | |
| Жұмыртқа мен ұнды қоспаны шоколадқа құйып, араластырамыз. | |
| Ең соңында грек жаңғағын саламыз. Қалыпқа (формаға) сары май жағып, ұн сеуіп дайын даймыз. |
|
| Қалыпқа қамырды құямыз. 170°С-та қызып тұрған пешке 20 минутқа қоямыз, піскеннен кейін бірден пештен шығарамыз. Пеште тұра берсе құрғап кетеді. |
Дайын брауниді ванильді балмұздақпен немесе сүтпен ұсынған өте дәмді болады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий