среда, 10 июня 2015 г.

Бақташының бәліші



Әдетте тартылған ет пен картоптан котлет және картоп езбесін ғана жасауға болады деп ойлаймыз. Алайда тек осы тағамдарды қолдана отырып, одан да басқа тағам жасауға болатынына көз жеткізесіз.  
Бақташының бәліші (shepherd's pie) британ асханасының тағамы, бәліш деп аталғанына қарамастан қамырсыз жасалынады, және негізгі тағам ретінде ұсынылатын пісірме (запеканка).

Құрамы:

  • Картоп - 500 гр.,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Ірімшік - 100 гр.,
  • Тартылған ет - 500гр.,
  • Сәбіз - 1 дана,
  • Пияз - 1 дана,
  • Тұз, бұрыш.

Жасалу жолы:

Картопты тұзды суға пісіріп аламыз да, езбе жасаймыз. Оған екі жұмыртқа мен үккіштен өткізілген ірімшікті араластырамыз. Жұмыртқа ыстық езбеде пісіп кетпес үшін жұмыртқаны салған бетте бірден тез араластырып жіберіңіз немесе езбені сәл суытып алыңыз.
Тартылған етті пияз бен үккіштен өткізілген сәбізбен қоса қуырып алыңыз.
Қалыпқа алдымен піскен тартылған етті,

оның үстіне картоп езбесін тегістеп салыңыз. 180°С-та қызып тұрған пешке жарты сағатқа қоямыз. Беті қызарса тағамымыз дайын деген сөз.


Комментариев нет:

Отправить комментарий