воскресенье, 31 августа 2014 г.

Пеште піскен теңіз ирекшелері


Пеште піскен теңіз ирекшелері
Теңіз ирекшелерінен өте тез дайындалатын тағам. Тұздығын жасап пешке сала саласыз.
Теңіз ирекшелері туралы осы жерде оқи аласыздар. 
Бұл тағамды салқын күйінде тіске басар (закуска) ретінде немесе ыстық күйінде гарнимен (мысалы, паста) негізгі тағам ретінде ұсынуға болады.

Құрамы:

  • Теңіз ирекшелері - 500 гр.,
  • Зәйтүн майы  - 3 ас қасық,
  • Лимон шырыны - 3 ас қасық,
  • Сарымсақ - 1 түйір,
  • Кептірілген нан ұнтағы - 2 ас қасық,
  • Сары май - 2 ас қасық,
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалу жолы:

Мұздатылған теңіз ирекшелерін ерітіп, суын сорғытып аламыз.
Тұздығын дайындаймыз: зәйтүн майы, лимон шырыны, сарымсақ, тұз, бұрыш.
Шанышқымен 1-2 минут араластырамыз, тұздық сәл қоюланады. 
Теңіз ирекшелерінің үстінен тұздықты құямыз. 
Үстінен кептірілген нан ұнтағын себеміз, және жұқалап туралған сары майды саламыз.
220°С-та қызып тұрған пешке 10-15 минутқа қоямыз.
Бар болғаны осы, тамағымыз дайын.
Пеште піскен теңіз ирекшелері
Пеште піскен теңіз ирекшелері

Пеште піскен теңіз ирекшелері
Пеште піскен теңіз ирекшелері

Астарыңыз дәмді болсын!

Теңіз ирекшесін кілегейлі тұздықта та пісіруге болады


Оқи отырыңыз:

Маковец - көкнар орамасы
Ұлттық тағам - Үлпершек
Утилитарлы қолөнер

Комментариев нет:

Отправить комментарий