воскресенье, 24 августа 2014 г.

Ірімшікті наполеон торты


Ірімшікті наполеон торты

Наполеон тортын бұрыннан білеміз, бірақ осы торттың ірімшіктен жасалатын түрі барын жақында өзіме де жаңалық болды. Өзіміз білетін Наполеон үгілгіш келсе, бұл Ірімшікті наполеон торты сәл қатқылдау келеді. Сондықтан кремі де сіңімді болу керек. Мысалы, Піскен крем (Заварной крем) немесе қант араласқан қаймақ. Крем жақсылап сіңу үшін тортты бір күн бұрын істеп қойған жөн. 

Құрамы:

Қамырына:
  • Майда ірімшік - 400 гр.,
  • Жұмыртқа - 2 дана,
  • Қант - 0,5 стақан,
  • Қамыр қопсытқыш - 1 шай қасық,
  • Ұн - 2,5 стақан,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Ванилин - пышақтың ұшымен.
Креміне:
  • Қаймақ 20-25% - 400 гр.,
  • Піскен қойылтылған сүт - 3 ас қасық.

Торттың жасалу жолы:

Ұннан басқа компоненттерін миксермен біркелкі болғанша араластырамыз.
Ұнды елеп, біртіндеп саламыз.
Қамыр өте жұмсақ және сәл жабыспақ болады. Ұнды көп қоспаңыз, өткені қамыр қатты болып кетеді.
Қамырды тоңазытқышқа 2 сағатқа қоямыз.
Ол уақытта кремін дайындаймыз.
Қаймаққа піскен қойылтылған сүтті араластырамыз.
Кремді тоңазытқышқа қоямыз.
Қамырды сегіз бөлікке бөліп, жұқа жаямыз.
180°С-та қызып тұрған пешке 10-15минут қызарғанша пісіреміз.
Әр дөңгелек піскен кезде шетін тегістеп кесеміз. Қалдықтарын жинап, үгітіп қоямыз.
Әр дөңгелектің арасына крем жағамыз.
Үстіне ұнтақтарын сеуіп, әрі қарай талғамыңызға қарай сәндейсіз.

Торттың кремі сіңу үшін тоңазытқышқа кемінде 5-6 сағатқа қою керек, дастарханға ұсынардың алдында тоңазытқыштан шығарып, бөлме температурасында жеген өте дәмді болады.
Ірімшікті наполеон торты
Ірімшікті наполеон торты
Ірімшікті наполеон торты
Ірімшікті наполеон торты

Астарыңыз дәмді болсын!


Шайға ірімшіктен тағы Ірімшікті бәліш жасауға болады.


Оқи отырыңыз:

Гуакамоле тұздығы қалай жасалады?
Утилитарлы қолөнер. 1-бөлім
Лазанья

2 комментария: