вторник, 23 сентября 2014 г.

Бешамель тұздығындағы паста



20 минуттың ішінде тез дайындалатын тағам. Құрамын талғамыңызға қарай өзгерте бересіз. Мысалы, үрме бұршақ собығының (стручковая фасоль) орнына брокколи немесе гүлді орамжапырақ, ал киеуілдің орнанына маринадталған қияр алуға болады. Тіпті піскен тауықты етін салып жіберсе, одан да тойымды болады. Тек өзгермес бөлігі макорон өнімі және бешамель тұздығы.

Песто тұздыңының рецепті Gourmania.kz блогында бар. Ол рецепт бойынша песто райхан шөбінен жасалған. Райхан шөбін таба алмасаңыз ақжелкенмен де жасауға болады.
Үрме бұршақ собығын алдын ала тұзды суға пісіріп аламыз. Мен мұздатылған үрме бұршақ алдым.

Құрамы:



  • Макорон - 100 гр.,
  • Үрме бұршақ собығы - 70 гр.,
  • Песто тұздығы - 1 ас қасық,
  • Киеуіл - 1 ас қасық,
  • Сары май - 1 ас қасық, 
  • Ұн - 1 ас қасық,
  • Сүт - 200 мл.,
  • Пармезан ірімшігі - 20 гр..
  • Тұз, бұрыш, үгітілген мускат жаңғағы.

Дайындалу тәсілі:


Макоронды тұзды суға пісіре береміз.
Бөлек ыдысқа бешамель тұздығын жасаймыз. Қызып тұрған ыдысқа сары май мен ұнды салып, үнемі араластырып, 1 минуттай пісіреміз. Бірақ күйіп кетпеуін қадағалау керек.
Май мен ұнның үстіне сүтті құямыз. Тұз, бұрыш, үгітілген мускат жаңғағын саламыз.
Киеуіл мен песто тұздығын салып, отты өшіреміз.
Дайын тұздыққа піскен үрме бұршақты және пастаны саламыз.

Осымен тамағымыз дайын деуге болаы. Тағамды ыдысқа салып үстіне пармезан ірімшігін үккіштен өткіземіз және райхан шөбімен сәндеп ұсынамыз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий