среда, 24 сентября 2014 г.

Асүйдегі тайм-менеджмент. Сорпа қатыру.



Асүйде уақыт үнемдедің тағы бір тәсілі сорпа мұздату. Ол туралы ғаламтордан бұрын оқысам да, істеуін өткен аптада ғана істедім. Шынымен, дайындап алуға тұрарлық нәрсе екен.


Тайм-менеджмент тақырыбындағы алдыңғы жазбаларды естеріңізге сала кетейін:


Осы жолы кезек сорпа мұздатуда.
Еттің сорпа жасауға дайындаған бөліктерінің барлығын үлкен ыдысқа салып бірден пісіру керек болады. Мен 10 л ыдыста қайнаттым. Бірақ сорпа өте қою шығу үшін, етті тығыз салу керек және суын аз құю керек. Соған қарамастан сорпа бүкіл еттің бетін жауып тұру керек. Бос жерлер болмас үшін етті орташа кесектерге бөліп салу керек. Ет піскеннен кейін етті түсіріп алып, суытып қоямыз. Сорпаны сүземіз. 
Етті сүйектерден ажыратып, турап. Пластикалық ыдыстарға саламыз. Үстінен суыған сорпаны құйып, мұздатқышқа қатырамыз. Төмендегі ыдыстар жарты литрлік пластикалық стақандар. Ішінде бар болғаны 200 мл өте қою сорпа және ет. Кейін осындай бір ыдысты 2 л суға араластырып, 15 минуттың ішінде еті бар тағам жасауға болады. Бар болған көкністер және жарма салсаңыз болғаны. Сорпа неғұрлым қою болса, соғұрлым мұздатқышта орынды аз алады.


Стақан ыдыстың орнына төртбұрышты ыдыс мұздатқышқа салған ыңғайлы болады.

Осылай сорпа қатырудың бірнеше артықшылықтары бар:
  • уақыт үнемдейді
Өйткені бір рет пісіріп алған сорпадан, мысалға 8 порция алсаңыз, сол сегіз ретінде де 15-20 минутта етті негізгі ас дайындайсыз. Мысалы, жұмыстан келдіңіз немесе дүкен аралап келдіңіз делік. Жартылай фабрикаттан тамақ пісіргенше, өзіңіз дайындаған сорпадан тамақ жасап жібересіз.
Әр ет пісірген сайын пышақ, тақтайды май ғылып турап, оның барлығын жуу керек. Ал бұл жағдайда сіз оның барлығын бір рет жасап тастағансыз.
Жас аналарға өте ыңғайлы. Өйткені кішкентай баланың рационында күнделікті сорпа болу керек. Және баламен көп серуендеу керек, көп уақыт баламен өтеді. Кейде баланың тамағы істелген жоқ деп уйде отыратынымыз тағы да бар, Таңғы астан кейін бірден мұз-сорпаны ерітіп тамақ істеп кетсеңіз. Түске дейін алаңсыз қыдыра бересіз.
  • электр энергиясын үнемдейді
8 рет сорпа дайындау үшін 2 сағаттан қайнатсаңыз плиткаңыз 16 сағат жұмыс істеу керек. Ал біз бұл уақытты 10 сағатқа қысқартып, бар болғаны оған 5-6 сағатта пісіріп аламыз (жеке-жеке әрқайсысынан тамақ жасағанның өзінде).    

Ал сіздер уақыт үнемдеудің қандай айла-тәсілдерін қолданасыздар?



Оқи отырыңыздар:

Виндалу және наан
Утилитарлы қолөнер
Ұлттық тағам - Үлпершек

Комментариев нет:

Отправить комментарий