воскресенье, 5 июля 2015 г.

Салмасы бар қозықұйрық/Фаршированные шампиньоны


Дәмтатым ретінде ұсынуға дастарханда әдемі, ерекше көрінетін, тойымды тағам. Бұл дәмтатым түрін әзірлеуге саңырауқұлақтың үлкенірек түрлерін алған дұрыс. Мен салмасына піскен тәтті бұрыш салдым, бірақ оған қуырылған тартылған етті де салуға болады. Бәрі талғамыңыз бен қиялыңызға байланысты;)

Құрамы:

  • Қозыұйрық саңырауқұлақтары (шампиньоны) - 10-12 дана,
  • Түрлі түсті болгар бұрышы - 200 гр.,
  • Пияз (кішкентайынан) - 1 дана,
  • Балқарағай жаңғағы (кедровые орехи) немесе басқа да жаңғақ - 1 уыс,
  • Тұз, бұрыш,
  • Зәйтүн майы - 2 ас қасық,
  • Ірімшік - 50 гр.

Жасалу жолы:

Саңырауқұлақтың аяқтарын қолмен алып тастаймыз, қалпақтарының астын аздап кесіп тастаймыз. Нәтижесінде саңырауқұлақта ұңғыма пайда болу керек.
Майға пияз мен бұрышты жұмсарғанша қуырамыз. Кейін үстіне балқарағай жаңғағын саламыз.
Қалыпқа май жағып, саңырауқұлақтардың ішіне піскен салманы салып, 170°С-та қызып тұрған пешке 20 минутқа қоямыз. 20 минуттан кейін үстіне ірімшік себеміз де, саңырауқұлақты пешке қайта салып. пешті өшіре береміз. Өз жылуына ірімшік ериді. 5 минуттан кейін тағамымыз дайын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий