пятница, 3 июля 2015 г.

Құмырсқаның илеуі торты/Муравейник


Бұл торт әркімнің болса да есінде шығар. Осыдан 15-20 жыл бұрын ең жиі жасалатын торттырдың бірі болатын. Балалық шағыңызды есіңізге алғыңыз келсе, мәзірді әрі қарай оқыңыз;)
Құмырсқаның илеуі тортын екі түрлі нұсқада ұсынуға болады - бір ортақ табаққа және жеке поциялармен. Меніңше, әр адамға өз порциясымен берген өте ыңғайлы. Бетін жеміс-жидектермен сәндеп жіюерсеңіз кондитерлік дүкеннің тортынан асып түспесе, кем болмайды.

Құрамы:

Қамырына:
  • Ұн - 4 стақан,
  • Сары май - 200 гр.,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Сүт - 2 ас қасық.

  • Қойылтылған сүт - 1 құты,
  • Сары май - 2 ас қасық,
  • Жер жаңғағы (арахис) - 1 стақан,
  • Көкнар - 1/2 стақан.

Жасалу жолы:

Қатып тұрған майды ұнға малып отырып, үккіштен өткіземіз. Әрі қарай қолмен майдалаймыз.
Нәтижесінде майлы ұнтақ пайда болады. Үстіне жұмыртқа мен сүтті құямыз да, қамыр илейміз. Қамыр бірікпей жатса тағы 1 қасықтай сүт құюға болады.
Қамырды 2 сағатқа тоңазытқышқа немесе 30 минутқа мұздатқышқа қоямыз. Шұжық тәріздес пішін беріп салсаңыз, қамыр тезірек қатады.
Қатып тұрған қамырды еттартқыштан өткіземіз. Үккіштен (терка) де өткізуге болады, бірақ еттартқышпен тезірек болады.
Араларын ашып, жайып саламыз. 180°С-та қызып тұрған пешке 20-25 минута қоямыз.
Жаңғақты аздап қуырып, қабығын аршып, сәл үгітеміз.
Піскен қамырды қолмен үгітеміз. Үстіне жаңғақ және көкнарды саламыз. Қойылылған сүт пен жұмсақ сары майды араластырамыз да, қамырмен біріктіреміз.
Осымен тәттіміз дайын. Дастарханға бірден ұсынған жақсы, сондықтан кремін қонағыңыз келерде бірақ араластырған жөн.




Комментариев нет:

Отправить комментарий