среда, 15 июля 2015 г.

Күнжіт қосылған снэк


Дайын қатпарлы қамырдан өте тез жасалатын снэктің (тіскебасар) жасалуын ұсынғып келіп отыр. Таңғы асқа шайға жеуге немесе кішкентай балаларға тәтті печеньенің орнына берген жақсы. 

Құрамы:

  • Дайын қатпарлы қамыр (ашытқысыз түрі - пресное немесе бездрожжевое деп жазылып тұрады қаптамасында) - 500 гр.,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Күнжіт - 40 гр.

Жасалу жолы:

Қатпарлы қамырды мұздатқыштан алып, жібітіп қоямыз. Жібіген кезде 0,5 см болатындай жұқа етіп жаямыз. Жұмыртқаны жұқа ғылып жағып, күнжіттің жартысын себеміз.
Қамырды екі бүктейміз. Алдында жұмыртқаны жұқа жаямыз дегенім, бүктеген кезде арасынан ағып кетуі мүмкін. Қамырды тағы да жаямыз.
Тағы жұмыртқа жағып, қалған күнжітті себеміз. Ұзындығы 10 см, ені 1 см болатындай сызықтарға кесеміз.
Сызықшаларымызды шиыршықтап, противеньге тізіп шығамыз. 180°С-та қызып тұрған пешке 30 минутқа қоямыз. Снэктарымыз қызарған кезде дайын, суығаннан кейін ұсынуға дайын. Бұндай тіскебасар сүтпен немесе шырынмен жесе өте дәмді болады.








Комментариев нет:

Отправить комментарий