понедельник, 13 июля 2015 г.

Баялды қайықтары/Баклажанные лодочки


Баялдыдан әдемі, бастысы, дәмді қайықтар жасап, жақындарыңызды таң қалдырғыңыз келсе, рецептке көз жүгіртіп қойыңыз;)

Құрамы:

Қайықтарға:
  • Баялды - 3 дана,
  • Тартылған ет - 0,5 кг.,
  • Пияз - 1 дана,
  • Сұйық май - 2 ас қасық,
  • Тұз, бұрыш,
  • Ірімшік - 100 гр.

Тұздығына:
  • Қызанақ - 3 дана (немесе 2 үлкенірек),
  • Қызыл тәтті бұрыш - 0,5 дана,
  • Сарымсақ - 1 түйір,
  • Тұз, бұрыш,
  • Песто тұздығы - 1 ас қасық (қалауыңызға қарай).

Жасалу жолы:

Блендерде қызанақ, тәтті бұрыш және сарымсақты майдалаңыз. Тұз, бұрыш және песто тұздығымен араластырып, қайықтарыңызды пісіретін қалыпқа құйып қойыңыз.
Баялдыны тігінен ортасынан кесіп, ортасын қасықпен тазалағыз. Асты тесіліп кетпеуін қадағалаңыз. Ортасы оңай алынуы үшін алдымен шеттерін пышақпен жүргізіп шығыңыз. Ортасынан шыққан баялдыны ұсақтап тураңыз,
Тартылған ет пен ұсақтап туралған пиязды майға қуырамыз. 10 минуттан кейін ұсақтап туралған баялдыны саламыз. Баялды жұмсарғанда отты өшіресіз. Қызанақты тұздығы бар қалыпқа, бос қайықтарымызды қоямыз.
Қайықтарымыздың ортасын піскен тартылған етпен толтырамыз. 180°С-та қызып тұрған пешке 20 минутқа қоямыз. Уақыты келгенде, әр қайықтың үстіне үккіштен өткізілген ірімшік себеміз. Қайықтарды қайта пешке салып, пешімізді өшіре береміз. 5 минуттан кейін тағамымыз дайын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий