воскресенье, 20 сентября 2015 г.

Лечо қыстық салаты


Қыстың қамын жазда ойла демекші, көкөністер піскен кезде, қыстың салаттарын жабатын кез келді. Бүгінгі ұсынғалы отырған мәзірім - Лечо салаты. 


Құрамы:

  • Қызанақ - 2 кг.,
  • Тәтті бұрыш - 1,5 кг.,
  • Пияз - 1 кг.,
  • Сәбіз - 1 кг.,
  • Қант - 100 гр.,
  • Сұйық май - 300 гр.,
  • Сірке қышқылы 70% - 1 ас қасық,
  • Тұз - 1 ас қасық.

Жасалу жолы: 

  1. Көкөністерді жуып, тазалаймыз.
  2. Сәбіз, пияз және тәтті бұрышты ұзыншалап тураймыз.
  3. Қызанақты блендер немесе еттартқышта майдалаймыз.
  4. Барлығын үлкен ыдысқа саламыз. Үстіне тұз, қант, сұйық майды құямыз да 1,5 сағат орташа отта пісіреміз. Асты күйіп кетпес үшін, араластырып отырамыз. 
  5. Салат піскенше банкаларды және қақпақтарды зарасыздандырамыз (стерилизация).
  6. Салат піскен бетте, ыстық күйінде банкаларға салып, қақпағын жабамыз.
  7. Бір бұрышқа көрпе төсеп, үстіне салаттардың банкасын төңкеріп қойып, жақсылап жауып қоямыз. Солай 1 түн тұру керек. Келесі күні салаттарды алып, әрі қарай сақтай бересіз.

Астарыңыз дәмді болсын!


Оқи отырыңыздар:

Шелпек
Ақ ірімшіктен жасалған чизкейк
Ұлттық тағам - Қуыс құлақ

Комментариев нет:

Отправить комментарий