вторник, 22 сентября 2015 г.

Аджика қыстық салаты


Аджиканы салат ретінде болсын, ыстық тамаққа тұздық (соус) ретінде болсын ұсынсаңыздар болады. 

Құрамы:

  • Қызанақ - 3 кг.,
  • Тәтті бұрыш - 500гр.,
  • Пияз - 500 гр.,
  • Алма - 500 гр.,
  • Сәбіз - 500 гр.,
  • Сарымсақ - 200 гр.,
  • Қант - 100 гр.,
  • Ащы бұрыш - 2-3 дана (қалауыңызға қарай),
  • Сұйық май - 0,5 л.,
  • Тұз - 1 ас қасық,
  • Сірке қышқылы - 0,5 ас қасық.

Жасалу жолы:

  1. Көкөністерді жуып, тазалаймыз.
  2. Туралған көкөністерді еттартқыштан өткіземіз немесе блендермен майдалаймыз. Мен блендермен істедім, өте тез болады.
  3. Үлкен ыдысқа майды, ұсақталған көкөністерді, тұз, қант, сірке қышқылын саламыз. Ащы бұрышты талғамыңызға қарай сала бересіз. Көкөністерді орташа отта 3 сағат пісіреміз.
  4.  Аджика піскенше банкаларды зарасыздандырамыз. Әр банка кемінде 15 минут буда тұру керек.
  5. Салат піскен бетте таза банкаларға құйып, қақпақтарын жауып, төңкеріп, жылы жерге 1 түнге көрпемен орап қоямыз.
  6. Келесі күні банкаларды қайта төңкеріп, әрі қарай сақтай бересіз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий