пятница, 9 октября 2015 г.

Нәзік салаты


Өте тез дайындалатын, әрі дәмді салаттардың бірі.



Құрамы:

  • Қызанақ - 2 дана,
  • Ірімшік - 150 гр.,
  • Жүгері - 1 қалбыр.,
  • Қытырлақ нан - 50 гр.,
  • Аздап тұз, 
  • Қаймақ немесе майонез - 2 ас қасық.

Жасалу жолы:

  1. Қытырлақ нанды қолдан кептіргеніңіз дұрыс болар. Өйткені дайын сухариктердің химиялық дәмдеуіштері тым көп болады. Ол үшін 3-4 жапырақ нанды төртбұрыштап турап, құрғақ табаға немесе духовкаға кептіріп алыңыз.
  2. Қызанақ және ірімшікті төртбұрыштап, кішірек етіп тураймыз.
  3. Жүгері, ірімшік, қызанаққа тұз қосып, қаймақпен араластырамыз.
  4. Қытырлақ нанды дастаханға ұсынарда бірақ бетіне саламыз.


Ас болсын!


Комментариев нет:

Отправить комментарий