пятница, 16 октября 2015 г.

Балықтан фрикадельки


Балықтан жасалған тағамдарды үнемі пайдалану, бірінші кезекте денсаулыққа пайдалы. Бірақ сол балықтан не істеуге болады екен дегенде, ойыңа әрі кетсе майға қуыру, сосын пеште пісіру ғана келеді. Сол себепті, бүгін балықтан жасалған жаңа бір тағамның жасалуымен бөліспекпін.

Балық фаршын қолдан жасағаныңыз дұрыс болар, өйткені дүкендердегі дайын фарштарға белгісіз қоспаларды қосу мүмкін. Бұл тағамның тағы бір ерекшелігі, суықтай да ұсынсаңыз дәмді болады.

Құрамы:


  • Балық фаршы - 500 гр.,
  • Брюссель орамжапырағы (мұздатылған) - 500гр.,
  • Сары май - 1 ас қасық,
  • Зәйтүн майы - 2 ас қасық,
  • Пияз - 1 дана,
  • Тұз, бұрыш.


Жасалу жолы:


1. Балықтың сүйектерінен тазалап, пияз қосып, еттартқыштан екі рет өткіземіз. Тұз, бұрыш қосамыз.
2. Фаршты 1 ас қасық көлемнен домалатып, фрикадельки жасаймыз.

3. Брюссель орамжапырағын тұзды суға шала пісіреміз. Қаптамасында 10 минут суға пірісу керек десе, біз тек 5 минут қана пісіруіміз керек.
4. Табаны қыздырамыз, сары май мен зәйтүн майын құямыз. Май жақсы қызған кезде, балық фрикаделькилерін саламыз да, 2-3 рет аударып қуырамыз. 15 минуттан кейін үстіне брюссель капустасын салып, қақпағын жауып тағы 5 минуттай пісіреміз.

Осымен тағамымыз дайын,  бірден дастарханға ұсынуымызға болады.


Ас болсын!


Комментариев нет:

Отправить комментарий