пятница, 9 октября 2015 г.

Пеште піскен гүлді орамжапырақ


Гарнир ретінде немесе таңғы ас ретінде жеуге өте пайдалы тағам. Жасалуы да көп уақытыңызды алмайды. 

Құрамы:

  • Гүлды орамжапырақ - 500 гр.,
  • Сары май - 50 гр.,
  • Ірімшік - 200 гр.,
  • Тұз, дәмдеуіштер.

Жасалу жолы:

Гүлді орамжапырақты жуып, сәл кептіріп аламыз.
Кепкеннен кейін табаға сары майды қыздырамызда, тұз және дәмдеуіштерді қосып, 2-3 минут қуырып жібереміз.
Пешке пісіруге арналған формаға қуырылған орамжапырақтарды саламыз да, үстінен жұқалап туралған немесе үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз.
180°С-та қызып тұрған пешке 10 минутқа қоямыз. Пешіңіздің гриль функциясы болса, соны қосыңыз. Ірімшігі қызарғанда тағамымыз дайын!


Ас болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий