четверг, 26 июня 2014 г.

Кәдіден дәмтатым


Жеңіл, әрі пайдалы дәмтатым. Алдында жасаған Цуккиниден жасалған дәмтатым-ға ұқсайды.

Көп уақытыңызды жұмсамай, дәрумені мол, әрі ағзаға сіңімді дәмтатым түрін жасайық.
Кәдіні майға қуырмай, пеште пісіріп те дәмді тағамдар жасауға болады. Бұл рецептте кәдінің орнына баялдымен де жасауға болады.


Кәдіні дөңгелектеп турап, екі жағына май жағамыз да үстіне тұз себеміз. Тұзды көбірек салу керек, өйткені қызанақтың сөлі бөлініп кетпес үшін, қызанаққа тұз сеппейміз.
170°С-та қызып тұрған пешке 15-20 минутқа пісіреміз. Суығанша қызанақ пен аскөкті дайындаймыз.
Сарымсақ, аскөкті ұсақтап, ал қызанақты дөңгелектеп тураймыз.
Қызанақ пен кәдіні бір-бірінің үстіне қоямыз, арасына ұсақталған аскөк пен сарымсақты себеміз.
Қалауыңызға қарай арасына аздап қаймақ та жағуға болады.

Осымен жаздық тамағымыз дайын.


Астарыңыз дәмді болсын!


Оқи отырыңыз:

Гранола

Гуакамоле тұздығы қалай жасалады?

2 комментария: