среда, 11 июня 2014 г.

Балмұздақтың пайдалы баламасы - сорбет

Бүгін Gourmania аспаздық блогында жаздың ыстығында салқындататын сорбет дайындайындаймыз. Бүгінгі сорбет банан, алма және мандариннен жасалады.

Сорбет немесе сорбе дегеніміз не?

Балмұздақты сатып ала салып жеу, сорбет жасауаға қарағанда оңай көрінеді, әрине. Бірақ қазіргі балмұздақтардың құрамы күмән келтіреді. Сондықтан, тек қана жемістерді қосып, балмұздаққа балама болатын тәтті әрі пайдалы сорбет жасаймыз. Бұндай сорбеттің құрамынан қорықпастан кішкентай балапандарыңызға де береуге болады. Мен ұсынған рецепт, тек бір нұсқасы. Ал сіздер жақсы көретін кез-келген жемістеріңізді араластырып жасай берулеріңізге болады.
Көбі сорбетке қантты шәрбат қосып жатады, бірақ жемістер қантсыз-ақ тәтті болғандықтан, қантсыз жасауды жөн көрдім. Негізі, сорбет сөзінің түпнұсқасы дәл осы шәрбат сөзінен шыққан, елден елге көшіп, өзгерістерге ұшырап, сорбет болған және өзі де өзгерген, негізгі аудармасы сусын, ал қазіргі сорбет қатырылған сусын болып кеткен.
Бұндай сорбетпен қонақтарыңызды да таң қалдыруға болады және күнделікті жақындарыңызды да қуанта аласыздар.

Сонымен, дәруменді сорбеттің құрамы: 

  • Банан - 1 дана
  • Алма - 1 дана
  • Мандарин - 1 дана

Сорбеттің дайындалу тәсілі:

Жемістерді аршып, тураймыз. Мандариннің арасындағы пленкаларын аламыз, немесе шырын сыққыштан шырынын сығып құюға болады.
Дайын жемістерді блендерге салып үгітеміз.
Жақсы үгітілмей жатса 2-3 ас қасық су құюға болады. Сондықтан, цитрусты жемістердің шырынын құюға болады. 
Біркелкі майда болғанда пластикалық контейнерге құйып, 2 сағатқа мұздатқышқа саламыз.

20 минут сайын араластырып отырамыз. Сонда біркелкі мұз брикет болып қатып қалмайды.
Жалпы қаттылығын талғамыңызға қарай жасайсыз. Тым қаттыдан көрі сәл жұмсақтау болып қалғаны жақсы.
Бар болғаны осы, бұл сорбетті жасау өөте оңай!


Ұқсас жазбалар:
Үй жағдайында балмұздақ жасау
Кивиден сорбе

Ал сіздер қандай сорбет жақсы көресіздер?)



Оқи отырыңыздар:

Ұлттық тағам - Қуыс құлақ
Мидия және кальмар қосылған паста

Итальянша фрикадельки

4 комментария:

  1. Күшті ғой! Енді балмұздақ жасауды үйретсеңіз керемет болар еді;))

    ОтветитьУдалить
  2. Жаңа рецептке ол да бір ұсыныс деп қабылдайын.....бірақ өзім бірінші үйреніп алуым керек))

    ОтветитьУдалить
  3. Салем. Блендер бузылып кап еди. Ет тарткышпен майдаласа калай болады?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Еттартқыштың ұсақ торын орнатып, істеп көруге болатын шыгар деп ойлаймын.
      Немесе алманы қоспай, бананды шанышқымен майдалап, үстіне мандарин не апильсин шырынын сығып, араластырып істей беруге болады.

      Удалить