понедельник, 23 июня 2014 г.

Кивиден сорбе


Кивиден сорбе
Жаздың ыстық күніне тағы бір рецепт. Киви және лаймнан жасалған сорбе. Алдында Алма және бананнан сорбет жасадық.
Сорбе ұнатпасаңыз жидектер қосып балмұздақ жасауыңызға болады. Рецепт - Үй жағдайында балмұздақ жасау.

Кивиден жасалған сорбенің құрамы:

4 адамға:
  • Киви - 6 дана,
  • Жарты лайм немесе лимон,
  • Бал - 1 ас қасық,
  • Жалбыз (мята) немесе жаужапырақ(мелисса) - 5-6 жапырақ,
  • Су - 4-5 ас қасық.

Кивиды аршып, тураймыз.
Суретте 6 кивиден неге көп дейтін шығарсыздар, мен  7-8 адамға 10-11 кивиден жасадым.
Лаймды екіге бөліп, шырынын сығып аламыз. Лаймның хош иісі көбірек шықсын десеңіз, цедрасын да салыңыз.
Киви, лайм шырыны, жаужапырық, балды блендермен майдалаймыз.
Құрамындағы суды блендерде жақсы араласпаса ғана құясыз, біртіндеп 1 ас қасықтан.
Контейнерге салып, мұздатқышқа 2 сағатқа қоясыз. Тек 20 минут сайын араластырып отыруды ұмытпаңыз.
Сіздерге жұмсақтау ұнаса, қатты қатырмайсыз. Өз басыма сорбенің сәл жұмсақтау болғаны ұнайды, сондықтан қатты мұздатпадым.

Кивиден сорбе
Кивиден сорбе


Оқи отырыңыздар:


Мидия және кальмар қосылған паста
Қозықұйрықтан жасалған кілегейлі сорпа
Қазақтың ұлттық тағамы - Жаппа

Комментариев нет:

Отправить комментарий