пятница, 27 июня 2014 г.

Пеште піскен балғын картоп


Пеште піскен балғын картоп
Жазғы мәзір қоржыны тағы бір рецептпен толықты. Жаңа піскен картоп
Құлпынай қосылған тарт сияқты балғын картоптан жасалған тамақ та маусымдық болып келеді. Сондықтан жаңа піскен көкөніс пен жеміс жидектер маусымын өткізіп алмай, солардан түрлі ас әзірлеп, рационымызға күнделікті енгізіп отырайық.
Жалпы балғын картопты қабығын аршымай жеген жөн, өйткені ең көп дәрумендер дәл сол сыртқы қабатына қарай шоғырланған. Ал егер тіпті қабығын жей алмаймын десеңіз, қабығын кеспей, өте жұқа етіп, қырып аршыңыз. Шынымды айтсам, картопты жай ғана пеште пісіріп, осындай дәмді тамақ шығатынын өзім де күтпедім) Рецептті мен ұсынғаннан да жасалуын жеңілдеткіңіз келсе, картоптың ортасына қуырылған пияз бен ірімшікті салмай-ақ істеуге болады. Бірақ қаймақ пен гүлшетенді (розмарин) міндетті құрамдас бөліктері дер едім. Өйткені картоппен жақсы үйлесетін бірден-бір дәмдеуіш ол - гүлшетен.
Картоп кез келген өзіңіз ұнататын көкністі салатпен ұсынуыңызғ болады. Мен пекин орамжапырағы мен қызанақпен ұсындым.

Құрамы:

  • Картоп - 500 гр.,
  • Зәйтүн майы - 4-5 ас қасық(жартысы пияз қуыруға, қалғаны - картопқа құюға),
  • Сары май - 1 шай қасық,
  • Пияз - 2 дана (орташа),
  • Лимон шырыны - 2-3 ас қасық,
  • Ірімшік - 100 гр.,
  • Қаймақ - 50 гр,.
  • Тұз, гүлшетен, аскөк,
  • Пекин орамжапырағы - 100 гр.,
  • Қызанақ - 1-2 дана.

Картоптың дайындалу тәсілі:


Картопты жуамыз да, қарайған жерлері болса, пышақпен ойып, кесіп тастаймыз. Жан-жағын пышақпен тескілеп шығамыз.
Көбірек тұз сеуіп, фольгаға орап, 200°С-та қызып иұрған пешке 40 минутқа қоямыз.
Картоп піскенше, пиязды қуыра береміз. Таба сары май мен 1-2 ас қысық зәйтүн майымен қыздырамыз.
Жұқалап туралған пиязды сарғылт түске дейін қуырамыз.
40 минут өткеннен кейін пештан картопты аламыз, әрі қарай фольганы ашып пісіреміз.
Ол үшін алдымен картопқа лимон шырынын, зәйтүн майын құямыз, гүлшетенді себеміз.
Пешке 200°С-қа 20 минутқа қайта қоямыз. Картоп біркелкі қызару үшін, 10 минуттан кейін аударып шығу керек. 
Әр картоптың үстін айқастырып, аса терең қылмай кесіп шығамыз. Картоптың төмен жағынан саусақтарымызбен қысамыз, сол кезде үсті гүл сияқты ашылады. Ол жерге салмасын саламыз.
Ортасына 1 қасық пияз саламыз, үстіне ірімшік саламыз. Ортасына қарай басып салу керек, әйтпесе ірімшіктің барығы сыртына ағып кетеді.
Пешке 10 минутқа қоямыз. Пешіңіздің гриль функциясы болса, 5 минуттың ішінде қызарып шыға келеді.

Дастарханға жеңіл салатпен және қаймақпен ұсынуды ұмытпаңыз.

Пеште піскен балғын картоп
Пеште піскен балғын картоп

Пеште піскен балғын картоп
Пеште піскен балғын картоп

Астарыңыз дәмді болсын!




Оқи отырыңыз:

Сұлы печенье

Маковец - көкнар орамасы

Комментариев нет:

Отправить комментарий