среда, 30 апреля 2014 г.

Жаңғақты панировкадағы ешкі ірімшігі


Грек жаңғағынан жасалған панировкада қуырылған ешкі ірімшігі - таңғы ас ретінде де, сыйлы қонақтарыңызға да ұсынуға болатын, ерекше тағам.   



Өте тез даярланатын және көп кездесе бермейтін тағамдардың бірі. Ешкі сүтінен жасалған ірімшік өте пайдалы, әрі құнарлы болып келеді. Оған қоса грек жаңғағының да құнарлығы жоғары, сондықтан дастарханға ұсынғанда, көкөністерден салатпен ұсынған жөн. Жалпы ешкі сүтінен жасалған ірімшік өзіміздің қатыққа (кейбір өңірлерде сүзбе дейді) ұқсайды.

Панировкаға аунатылған ешкі ірімшігінің құрамы:


  • Ешкі сүтінен жасалған ірімшік - 1 кішкентай бума (113 гр.)
  • Грек жаңғағы – 50 гр.
  • Нан – 1-2 жапырақ
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Ақжелкен

Панировкадағы ешкі ірімшігінің дайындалу тәсілі:


Ешкі сүтінен жасалған ірімшік шұжық тәріздес формада болады. Дөңгелектеп кесіп шығамыз. Бір бумасынан менде 7 дөңгелек шықты. 
Грек жаңғағын, нанды, ақжелкенді блендерде үгітеміз.
Ешкі ірімшігін жұмыртқаға сосын панировкаға аунатамыз.
Мұздатқышқа  жартқы сағатқа қоямыз.

Табаға аздап май құйып жақсылап қыздырамыз. Қатты қызып тұрған майға ірімшігімізді алып, тез қуырып аламыз. Баяу отта пісірудің қажеті жоқ, әйтпесе ірімшігіміз еріп кетеді. Қуырып  жатқанда еріп кетпеу үшін алдында мұздатқышта аздап қатырып алдық.
Қуырып болғаннан кейін, майын сорғыту үшін қағаз майлыққа жайып қоямыз.
Осымен тамағымыз дайын!




Астарыңыз дәмді болсын!





2 комментария:

  1. мен ешкі ірімшігі қосылған әр-түрлі тағамдарды жаным жақсы көреді, осы панировкада жасалған түрін де жасап көру керек )))

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Өте тез дайындалатын тағам. Жоғарыда құнарлығы өте жоғары деп, жазып кеткенмін. Сондықтан қосымша ретінде балғын көкөністі салат жасауды ұмытпаңыз. Іске сәт!)

      Удалить