суббота, 26 апреля 2014 г.

Утилитарлы қолөнер. 1-бөлім



Утилитарлы қолөнер




Бұл постты осы утилитарлы қолөнерге арнағым келіп отыр. Утилитарлы қолөнер туралы естуіңіз бар ма? Утилитарлы қолөнер дегеніміз handmade шығармашылығының бір бағыты, ескі қажетсіз заттардан жаңа бұйым жасау. Оған әжелеріміздің құрақ көрпелері да жатады. Қазір оны пэчворк деп атау сәнді болып жүр ғой....бірақ, бізге ол жаңалық емес.


  



Қазір джинс шалбарынан көп киім жоқ. Сол киюге жарамай қалғанын пайдаға жаратуды ұсынамын. 
1. Джинсыдың артқы қалталарын кесіп алыңыз, дәл солай.... кесіп алу крек. Өйткені сөгітіп алсаңыз әдемі тігістерін жоғалтып аласыз. Сөйтіп екі қалтаны бір-біріне беттестіріп тігесіз. Әрі қарай қиялыңызға қарай әсемдеуіңізге болады. Егер ыстық табаның астына қоюға жұқарақ десеңіз, ішіне қалың мата тігіп жіберуге болады.
утилитарное рукоделие
2. Алдымен дайын бұйымның өлшемі қандай болатынын анықтап аламыз. Мысалы, 20х20 см. Енді шалбарды ұзындығы 20 см, ені 4 см болатындай 12 жолақ кесіп аламыз. Әр жолақты екі бүктеп шеттері сетінеп кетпес үшін, шеттерін көмкеріп тігіп шығамыз. Арасы тығыздау болсын десеңіз 16 жолақтан тігесіз. Ал қалыңдау болсын десеңіз енін 8 см-ден кесіп алып төрт бүктеп тігесіз. Тігін машинасы болса, тіптен жақсы. Бір сағаттың ішінде тігіп шығасыз. Бұл таба емес, табақтың астына жақсы келеді.  
Утилитарлы қолөнер
3. Алдындағы жолақтардан жіңішкерек қылып кесіп аламыз, 4 бүктеп тігеміз. Ұзындығы анағұрлым ұзын болса, арасындағы тігістері аз болып, біркелкі көрінеді.
Утилитарлы қолөнер     Утилитарлы қолөнер
Шеттерін ішіне қаратып бүктейміз, сосын тағы екі бүктеп тігеміз, сонда жіптері шашырап тұрмайды және төрт қабат болып шығады. Тігілген жолақтың ені дайын бұйымның биіктігі болады. Сондықтан неғұрлым жіңішке, бірақ қалың болған жақсы. Енді дайын жолақтарды шиыршықтап тігіп шығамыз. ең соңында ілмек тігіп қоямыз.
Утилитарлы қолөнер
Сондай тәсілмен тігілген тағы бір бұйым. Әлі толық біткен жоқ.
Утилитарлы қолөнерутилитарлы қолөнер
Утилитарлы қолөнер
Бұлары алдыңғыларға қарағанда ең қалыңдары.

Ескі заттарыңызды қоқысқа тастамас бұрын, ойланып көріңіз, мүмкін одан пайдаңызға жарар бір керек нәрсе істеп алуға болатын шығар. Қоқысты азайтып, табиғатты аялайық!

жалғасы осында


P.S.: Осы заттарды істеу үшін дүкенге арнайы барып ешнәрсе сатып алған жоқпын, барлығы үйде бар нәрселерден. Іске сәт!

2 комментария:

  1. Мунын барин калай ойлап таптыныз? Бир озыныз жасайсыз ба? Оте тамаша! Маган унады, тігінге жакынмын, бирак бизбен токуды билмеймын. Бул табакка коятынды истеп корейын)

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Рахмет. Межесін ғаламтордан қарап алып, әрі қарай қиялыма қарай шыққаны, өзім істегенмін барлығын.
      Иә, әрине, істеп көріңіз. Өте пайдалы заттар, сыйлыққа берсеңіз де керемет. Істеп болғаннан кейін бізбен бөлісуді ұмытпаңыз;)

      Удалить