среда, 30 апреля 2014 г.

Гуакамоле тұздығы қалай жасалады?



Гуакамолені қалай дайындайды Жақындарыңызды экзотикалық соуспен таң қалдырғыңыз келсе, гуакамоле дайындаңыз.

Гуакамоле дегеніміз не?

Кез келген күнделікті және үйреншікті тамағыңызға экзотикалық соус әзірлесеңіз, дайындаған тағамыңыз мүлдем ерекшелене түседі. Солай күнделікті тағам мәзірін түрлендіруге болады,сонымен қатар жақындарыңызды және қонақтарыңызды ерекше дәммен таң қалдырасыз. 
Гуакамоле - Мексикадан шыққан, көкөністі жасыл тұздық, "авокадодан жасалған тұздық" дегенді білдіреді. Дайындалуы өте қарапайым, әрі пайдалы соус - гуакамоле, күнделікті тағамдарыңызды өзгертіп, ерекшелендіре түседі. 

Гуакамолені қалай жейді?

Мексикада, әдетте, бұл тұздықты жүгері чипсімен ұсынады. Гуакамоленің құрамы тек аскөк пен көкөністерден тұрғандықтан, ол ет, піскен картоп, балық, күріш сияқты әртүрлі тағамдармен үйлесе береді. 

Бүгін дайындайтын гуакамоленің құрамы:


Гуакамолені қалай дайындайды


  • Жүгері чипсі - тортилья - 200-300 гр.
  • Жұмсақ  авокадо – 2 дана
  • Жарты лаймның шырыны 
  • 1 ш.қ. тұз
  • 1 кішірек пияз ұсақтап туралған
  • 2 ас қасық туралған кинза
  • Қызанақ - 1 дана
  • Сарымсақ - 1 түйір
  • Қызыл бұрыш

Соустың дайындалу тәсілі:


Гуакамолені қалай дайындайды

Авокадо жақсы піскен, әрі жұмсақ болу керек. Алдымен авокадоны пышақпен айналдырып, кесіп шығамыз. Сүйегі бір жағында қалады. Сүйегін алып, ортасын ас қасықпан алып, ыдысымызға саламыз. 
Гуакамолені қалай дайындайды

Тазаланған авокадоны шанышқымен еземіз. Блендермен езбе (пюре) жасаудың қажеті жоқ. Езілген авокадоға жарты ұсақтап туралған сарымсақ, пияз және кинзаны саламыз. 
Гуакамолені қалай дайындайды

Жарты лаймның шырынын, ұсақтап туралған қызанақты және тұз бен бұрышты салып, жақсылап араластырамыз.
Гуакамоле тұздығы дайын. Талғамыңызға қарай етке немесе балыққа ұсынуыңызға болады. Ал мен түпнұсқасындай тортильяға жасадым. Тортильянің үшбұрышты пішіні де сосусты алуға өте ыңғайлы.
Гуакамолені қалай дайындайды

Астарыңыз дәмді болсын!


Комментариев нет:

Отправить комментарий