вторник, 26 мая 2015 г.

Қара бидай ұнынан жасалған етті бәліш


Күнделікті тағам әзірлеуде көбіне ақ бидай ұнын қолданамыз. Қазір дүкендерде қара бидай ұны көптеп кездеседі. Сондықтан пісірілетін тағамдарды арасында қара бидай ұнынан жасап тұрсаңыздар, пайдалырақ болады.   

Құрамы:


  • 2,5-3 стақан ұн, 
  • 200 гр. сары май, 
  • 1 жұмыртқа, 
  • тұз, су. 
  • Салмасы - тартылған ет (пиязбен), картоп, тұз, бұрыш. 


Жасалу жолы:


  1. Суық сары майды (ерітпей) үккиштен өткізіп ұнмен араластырамыз. Ылғалды ұнтақ болғанша қолмен араластырамыз. 
  2. Жұмыртқа қосамыз, суға тұзды араластырамыз. Мен шамамен жарты стақан су қостым. 
  3. қамырды екі бөлікке бөлеміз, біреу үлкенірек болу керекк. Қамырдың үлкенірек бөлігін жаямыз, үстіне тартылған етті, оның үстіне жұқалап туралған шикі картопты саламыз. Картоптың үстінен тұз себуді ұмытпаңыздар. Үстін қамырдың екінші бөлігімен жабамыз. Бетін торламай бүтін қамырмен жаба салуға да болады, тек буы шығатын тесиктерін жасауды ұмытпаңыздар. 


Ас болсын!



Оқи отырыіыздар:

Дәруменді микс
Қатпарлы қамырдан жасалған раушангүл
Кускустан марокколық тәтті

Комментариев нет:

Отправить комментарий