четверг, 21 мая 2015 г.

Лазанья(бешамель тұздығымен)



Лазанья - итальян асханасының тағамы болғанына қарамастан, барлық ингредиенттерін өзімізден де табылады. Жасалуы оңай, дәмді әрі тойымды тағам.  



Құрамы:

Етті тұздығына:
  • Сиырдың тартылған еті - 500 гр.,
  • Пияз - 1 дана, 
  • Сәбіз - 1 дана,
  • Иісті желкен - 1-2 сабақ (қалауыңызға қарай қоспасаңыз да болады), 
  • Қызанақ - 2 дана,
  • Зәйтүн майы - 3 а.қ., 
  • Моцарелла ірімшігі - 300 гр.,
  • Пармезан ірімшігі - 50 гр.,
  • Тұз, қара бұрыш, орегано.



Бешамель тұздығына:

  • Сүт - 600 мл.,
  • Сары май  - 40 гр.,
  • Ұн - 40 гр.,
  • Үгітілген мускат жаңғағы, тұз.


Лазаньяға арналған паста - 10 жапырақ.

Жасалу жолы:


  1. Пияз, иісті желкен және сәбізді ұсақтап тураймыз. Табаға салып, зәйтүн майымен қуырамыз, үстінен тартылған етті саламыз. 10-15 минут орташа отта әрі қарай қуырамыз.
  2. Тартылған етке блендерден өткізілген қызанақты қосамыз. Қоюланғанша тағы 10-15 минут қақпағын жаппай пісіреміз.
  3. Бешамель тұздығының жасалуын келесі сілтеме бойынша көре аласыз - Бешамель тұздығындағы паста.
  4. Төртбұрышты формаға май жағып, аздап бешамель тұздығын құясыз. Үстіне екі жапырақ лазаньяға арналған паста, оның үстіне қайта бешамель тұздығы. Одан кейін бірақ етті тұздықты саласыз. Оның үстіне жұқалап туралған моцарелла ірімшігі. Тура осылай тағы да 4 рет қайталаймыз. Жасалу жолының суреттерін келесі посттан көруіңізге болады - Болоньезе лазаньясы - нағыз жексенбілік түскі ас.
  5. 180°С-та қызып тұрған пеште 25 минут пісіреміз.
  6. Дайын болғаннан кейін үстінен пармезан ірімшігін себеміз. Бетіне фольга жауып қоямыз. Дастарханға 20-25 минуттан кейін ұсынған жөн, сол кезде лазаньямыз езілмей жақсы кесіліп, тарелкаға салынады.




Астарыңыз дәмді болсын!



Оқи отырыңыз:

Ашыған көже және ашыған бауырсақ
Кивиден сорбе
Екі қияр салаты

2 комментария: