вторник, 19 мая 2015 г.

Зебра тәтті бәліші


Кішкентай кезімізден баршамызға таныс Зебра тәтті бәліші. Арасын кескенде ала ала болғандықтан зебра атанып кеткен. Осы рецептпен құрбым 3 жыл бұрын бөліскен еді. Содан бері, мен де, анам да тек осы рецепт бойынша пісіреміз.
Бұл бәлішке қолдын қаймағын алған жақсы. Ол болмаса дүкеннің майлылығы ең жоғарғысын алыңыз.

Пісіріп жатқан бисквитіңіз отырып қалмас үшін келесі ережелерді сақтансаңыз болғаны:

  1. Қамырыңызды араластырмаз бұрын, пешті қыздырып және қалыпты дайындап (майлап, ұн сеуіп немесе пергамент қағазын төсеп) қою керек;
  2. Қамыр қопсытқышты ұнмен бірге ең осоңында қосу.
  3. Қамыр қопсытқыш салынған кейін бірден көпіршу, көтерілу реакциясы басталады. Сол себепті бірден қызып тұрған пешке салу керек. Сол үшін де 1 ережені ұмытпау керек.
  4. Бисквиттің піскенін шимен тексеруге болады, ши құрғақ шықса бисквит пісті деген сөз. 
  5. Піскен бисквитті пештен шығаруға және пештің есігін қатты ашуға асықпаңыз. Есігін сәл ғана ашып 10-15 минут күтіңіз. Сосын форманы алып шығып тағы 10-15 минуттай тұрсын. Содан кейін ғана формадан алып шығуға болады.

Құрамы:

  • Жұмыртқа - 5 дана,
  • Қант - 1 стақан,
  • Қаймақ - 1 стақан,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Қопсытқыш - 1 пакетик,
  • Ас содасы - 1/3 шай қасық,
  • Ұн - 1,5 стақан (250 гр),
  • Какао - 2 ас қасық.

Жасалу жолы:

  1. Пешті 180°С-та қыздырып, қалыпты майлап, үстіне ұн сеуіп дайындап қоямыз. Ол туралы толығырақ Қысқа-нұсқа кеңестер бөлімінен оқи аласыздар. 
  2. Қант пен жұмыртқаны жақсылап көпіртеміз. Қанты еру керек. 
  3. Қаймақ және ерітілген сары майды араластырамыз.
  4. Ұн+қопсытқыш+сода барлығын елеп, біртіндеп саламыз.
  5. Қамырды екі бөлікке бөлеміз.
  6. Бөлек кесеге 3-4 ас қасық қайнап тұрған суға каконы еземізде, бір бөлігіне араластырамыз.
  7. Формаға 1-2 ас қасықтан кезектеп екі ыдыстағы қамырдың барлығын құйып шығыңыз. 
  8. 40-45 минуттай пісіріңіз.



Комментариев нет:

Отправить комментарий