вторник, 19 мая 2015 г.

Қаттама наны


Қаттама - Қазақтың ұлттық ұн тағамдарының бірі. Қамыры қатпарланып пісірілінетін болғандықтан, қаттама деп аталады. Бұрынғы кездері майға қуырылған, мен майға қуырғаннан көрі түбі жабыспайтын құрғақ табада пісіргенді жөн көрдім. 

Құрамы:

  • Ұн - 2 стақан,
  • Тұз,
  • Қаймақ - 2-3 ас қасық,
  • Жылы су.
  • Арасына жағуға - сары май.

Жасалу жолы:

Ұн, қаймақ және сумен жұмсақ қамыр илейміз. Иі қанғанша 30 сағатқа жауып қоямыз.
Жарты сағат өткеннен кейін қамырымызды өте жұқа етіп жаямыз. Арасына еріген сары май жағамыз. Шиыршықтап ораймыз.
Шиыршықталған қамырды 7-8 бөлікке бөлеміз.
Екі шетінен майы ағып кетпес үшін түйіп,
тігінен қойып, үстінен басып жібереміз.
Бөліктердің барлығын жұқа етіп жайып шығамыз.
Табаны қыздырамыз, кисточкамен жұқалап сары май жағамыз да, қаттаманы пісіреміз
Бір жағы қызарғанда, екінші жағына аударамыз.

Қалауыңызға қарай қаймақпен немесе тосаппен ұсынуыңызға болады.

Қаттама наны
Қаттама наны

1 комментарий:

  1. Ұлттық тағамдарды үнемі жасап жүруді әдетке айналдыру керек екен. Мына қаттаманы да жасап көру керек. Рахмет

    ОтветитьУдалить