пятница, 30 января 2015 г.

Орамжапырақ қосылған бәліш


Көкөністі бәліш. Қалауыңызға қарай, ет, тауық еті немесе тіпті балық қосып, жасауыңызға да болады.

Құрамы:

Қамырына:
  • Ұн - 2 стақан,
  • Айран/сүт - 1 стақан,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Ас содасы - 1/2 шай қасық,
  • Тұз, 
  • Су (қамыр илеуге).
Салмасына:
  • Орамжапырақ - 500 гр.,
  • Пияз - 1 дана,
  • Тәтті бұрыш - 1 дана, 
  • Өсімдік майы - 2-3 ас қасық,
  • Тұз, бұрыш.

Жасалу жолы:

  1. Үлкенірек ыдысқа үнды салып, ас содасымен араластырып, ортасына ұңғыма жасаймыз.
  2. Ортасына айран, еріген сары май, тұзды салып қамыр илей бастаймыз. Жұмсақ қамыр шығатындай, қажетінше аздап жылы су құйып отырамыз. Қамырдың бетін жауып қоямыз.
  3. Табаға майды қыздырып, туралған пияз, орамжапырақ және тәтті бұрышты алдымен 2 минуттай қатты отта үнемі араластырып отырып қуырамыз. Сәлден кейін қақпағын жауып, 15-20 минуттай пісіреміз.
  4. Қамырды екі бөлікке бөлеміз (біреуі сәл үлкенірек болу керек). Үлкенірек қамырды жайып, майланған формаға/противенге қоямыз. Үстіне салмасын салып, қалған қамырмен жабамыз.
  5. 180°С-та қызып тұрған пеште 40 минттай пісіреміз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий