вторник, 20 января 2015 г.

Whoopie pie/Вупи пай тәттісі


Whoopie pie - америкалық шоколадты пирожное. Ред вельвет, Брауни сияқты ең көп таралған тәттілерінің бірі. 

Құрамы:


Бисквиттеріне:

  • Сары май - 120 гр.,
  • Қант - 3/4 стақан,
  • Жұмыртқа - 1 дана,
  • Сүт - 125 мл.,
  • Қамыр қопсытқыш - 1 ш. қ,
  • Тұз - 1/4 ш.қ.,
  • Ұн -1,5-2 стақан,
  • Какао - 45 гр.,
  • Айран - 60 мл.

Креміне:

  • Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) - 150 гр,
  • Сары май - 80 гр.,
  • Қант пудрасы - 50 гр.

Жасалу жолы: 

Жұмсақтау сары майды қантпен араластырамыз. Сәл ағарып, көлемі де ұлғаяды. Сол кезде жұмыртқа салып, тағы біркелкі масса болғанша араластырамыз.
Сүттің жартысын құямыз. Тұз саламыз.
Ұн мен какаоны елеп, біртіндеп салып араластырып отырамыз. Арасында қалған сүтті құямыз. Қалған ұн мен какаоны тағы саламыз.
Айранды құямыз.
Қоймалжың масса болйып шығу керек. Тым сұйықтау болса аздап ұн, немесе қоюлау болса, сүт немесе су құюыңызға болады.
Балмұздақ салатын қасықпен салсаңыз өте ыңғайлы.
Пешті 180°С-та қыздырамыз, противеньге пергамент қағазын жаямыз.
Арасына бос орыны қалдырып, құйып шығамыз.
15-20 минуттай пісіреміз.
Кремін жасау өте оңай. Оны Сәбізді торттың рецептінен көре аласыздар.
Печеньелер пісіп, суығаннан кейін арасына крем жағып, жабық ыдысқа салып, тоңазытқышқа 2-3 сағат қойып ұсыну керек. Сонда кремі сіңіп, жұмсарып, өте дәмді болады.  



Комментариев нет:

Отправить комментарий