пятница, 30 января 2015 г.

Тарт Татен


Тарт Татен - салмасы алмадан жасалған аударылмалы бәліш (пирог-перевертыш). Былай қарағанда салмасы үстінде тұрғанмен, пісу барысында, керісінше, салмасы астында болады. Тек бәліш піскеннен кейін бірақ, аударылады. 
Тарт Татенның шығу тарихы да қызық. 19 ғасырда Стефани Татен атты француз қызы алма қосылған тарт пісіремін деп, формаға қамыр салуды ұмытып кетіп, алдымен алмасын салып қояды да, қамырын үстіне жаба салады. Сосын бәліш піскеннен кейін, қонақтардың алдында масқарасы шықпас үшін, дайын тартты тарелкаға аудара салады. Сөйтіп салмасы үстінде болып шыға келеді. Осы күннен бастап бұл алмалы бәліш бүкіл әлемге Тарт Татен деген атпен таралып кетеді. Біреудің қателігінің нәтижесі болып шыққан пирогты бізде пісіріп көрейік)

Құрамы:


Қамырына:

  • Ұн - 200 гр.,
  • Сары май - 100 гр.,
  • Жұмыртқаның сарысы - 1 дана, 
  • Тұз - 1 шымшым.


Салмасына:

  • Алма - 1 кг (сөлі көп бөлінбейтін, алманың қаттырақ сұрыпын таңдаған жөн),
  • Сары май - 50 гр.,
  • Қоңыр немесе ақ қант - 5 ас қасық.,
  • Лимон цедрацы,
  • Даршын.

Жасалуы:

Алдымен қамырды илеп тоғазытқышқа салып қоямыз. Қамырдың жасалуын осы жерден көре аласыздар.
Алманы жуып, қабығын аршып, төрт бөлікке бөліп, дайындап қойыңыз.
Құрғақ табаны орташа отта қыздырамыз. Табаға қантты аздап саламыз.
Қантты мүлдем араластырмаймыз. Сәл уақыттан кейін қантымыз біртіндеп ери бастайды.
Қант толықтай еріген бетте бірден алманы саламыз. Қант көбірек қайнап кетсе, күйіп, ащы болып кетеді. Сол себепті, алманы алдын ала дайындау керек деп жаздым.
Алманы карамельде 2-3 минут араластырып отырып қайнатамыз. Сары май, лимон цедрасы, даршынды қосамыз. Осымен салмасы дайын, табаның астындағы отты өшіреміз.
Формаға сары май жағамыз, үстіне алма салмасын саламыз. Қамырды тоңазытқыштан алып, жұқалап жаямыз. 
Жайылған қамырды алманың бетіне жауып, 180°С-та қызып тұрған пеште 30-40 минут, беті қызарғанша пісіреміз. Тарт піскеннен кейін сәл суытып аламыз. Суыған Тарт Татенді табаққа аудараып, дастарханға ванильді балмұздақпен ұсынамыз.



Ас болсын!



Оқи отырыңыз:

Құлпынай қосылған тарт
Гранола
Пицца

2 комментария:

  1. формаға алмасымен бірге карамелін де құямыз ба?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Иә, табадағы алма мен карамелін толығымен құямыз

      Удалить